Егер сәйкес келетін маникен болмаған жағдайда , күрестің күрделі әдістерін меңгеру қиынға соғады. Әдістерді орындау кезектілігі-орындалуына бір-біріне ұқсас әдістер арасындағы нақы бір әдістің орындалуын үйренгеннен кейін үйретілуі тиіс. Егер, мысалы, самбо күресінде, әдісті игерген кезде, бірақ толық игерілмесе, мысалы алдыңғы аяқтан шалып лақтыру әдісінен жамбастан асыра лақтыру әдісіне көшіп жүрсе, онда алдыңғы аяқтан шалып лақтыру әдісін орындау шеберлігі бұзылуы байқалады (әдістерді орындау кезінде күрделі саралауды қажет етеді). Сондықтан, осы әдістерді үйрету арасында жеткілікті уақыт кезеңі болуы керек.
Жаттықтырушының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – жасөспірім балуанға дұрыс тыныс алуды үйрету. Әр-түрлі жаттығуларды үйрену кезінде жаттықтырушы дұрыс тыныс алуды көрсетуі қажет. Динамикалық жаттығуды орындау кезінде дұрыс тыныс алу деген ол – кеуде қуысы тарылған кезде,дем шығару және кеңейгенде дем алу болады. Балуан қиын жағдайда тұрса да, дем алмау дұрыс емес екендігін әрқашан атап өту керек. Егер мүмкіндік болса, онда балуан терең тыныс алу керек, кішкентай жиілікпен және мұрын арқылы. Алайда, күрес қарқынды болса, «спуртпен» балуанға жиі және ауыз арқылы тыныс алу қажет болуы мүмкін.
Әдісті толық орындау кезінде тыныс алудың маңызы өте зор. Балуандар әдісті орындаған кезде дем алмай орындауына жол бермеу қажет. Барынша күш жұмсау сәтінде ғана дем ұстап жасауға болады.
Жасөспірімдердің дұрыс тыныс алуын арнайы үйрету керек. Осы мақсатта өкпенің сыйымдылығын арттыруға және тыныс алу бұлшықеттерінің күшін дамытуға арналған жаттығулар қолданылады. Сонымен қатар, балуанның күрес кезіндегі жағдайына қарай, кеуде, диафрагматикалық (іш қуысы) немесе аралас тыныс алуды үйрету керек.
Күрес техниканы дәйекті зерттеу кезінде ересектерге арналған бағдарлама ұсынған бірқатар әдістер жасөспірімдерге бір уақытта оқытуға жарамсыз екенін есте ұстаған жөн. Бұл жасөспірімдердің дене күш дайындығының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, тиісті дайындықсыз кейбір жаттығулар балуанның жарақатына әкелуі мүмкін.
Кеудеден асыра лақтыру әдісін жасөспірімдерге тек екінші оқу жылында ғана үйретуге болады. Бұл әдістер алдыға қарай лақтыру әдістері сияқты қағып салуды қатты қажет етпейді. Осы әдістерді қолдану балуанның техникасын алуан түрлі етеді, оны арқан асыра лақтыру, жамбастан асыра лақтыру, иықтан асыра лақтыру сыйақты әдістерге қарсы әдіс ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Жасөспірімдер үшін тактикалық дайындық үлкен маңызға ие.
Ол, ең алдымен, күрес жүргізу стилін қалыптастыруды көздейді. Олар үшін күрес - ойын. Ойынды жеңу үшін балуан ережелермен рұқсат етілген құралдарды толығымен қолдана білуді үйренуі керек. Жаттықтырушы ойын (күрес) ережелерін біртіндеп қиындата отырып, жаттықтырушы спорттық шеберлікті жетілдіреді. Осы мақсатта жаттықтырушы балуандарға күрес техникасын дұрыс үйретуге көп көңіл бөледі. Күрес техникасын меңгеру - олардың басты міндеті. Күрес техникасын игергеннен кейін жасөспірімдер тактикалық дайындықтың 1-3 әдісін, соның ішінде қарапайым комбинацияны үйренеді. Жастар тобында тактикалық дайындық кеңейеді. Алайда, бір әдісті орындау үшін көптеген тактикалық әдістерін үйренуге қызығуға болмайды. Жаттығушылар олар үшін ең қолайлы кейбір айланы ғана жетілдіруі керек.
Тактикалық дайындықты жаттықтырумен қатар, ұстаз оқушыларға күреске белсенді қатысуға үйретеді, дұрыс күреске, техникалық әрекеттерге толы болуға шақырады және күшке баса жүргізілген күресті айыптайды.
Жасөспірім балуандарға белгілі бір тактикалық тапсырмаларды шешуді үйрету үшін мұғалім оларға тиісті тапсырмалар береді. Мысалы күрес кезінде бір әдісті орындау; қарсыласының арқасы кілемнің шетіне болатындай етіп кілемнің шетінде күресу; қарсыласты төрттағандатқанан кейін, тоқтамастан дереу басқа әдіске ауысу; төрттағандағаннан кейін бірден жоғарыға көтерілу және т.б.
Бірте-бірте жаттықтырушы ерекше қасиетері бар қарсыластармен күресуге үйретеді. Ол үшін алдымен оларды әртүрлі қарсыластармен күрес жоспарларын құрудың негіздерімен таныстырады, содан кейін мұндай жоспарларды балуандар өздері жасайды. Осылайша, жаттықтырушы біртіндеп жасөспірімдерге өз бетінше шығармашылық ойлауға үйретеді.
Басқа тактикалық мәселелердің ішінде күрестегі барлауды және әдісті қарсыласқа білдірпей іске асыруын қарастырады. Жарыстарда өнер көрсете бастағанда, жасөспірімдер күрес тактикасының негізгі мәселелері бойынша білім ала бастайды(салмақ өлшеу кезіндегі мінез-құлық, күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану және т.б.).