Етістік — заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т. б. тұлғалардағы) деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы:Көп ойласаң, дана боласың, Көп ойнасаң, бала боласың (мақал). Көкек көріп қарлығашты қиғаш келіп амандасты (Ш. Смақанұлы). Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Басқаға жануарды теңгермедім (С. С). Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң (сен не істесең?), боласың (сен не істейсің?), көріп, келіп (көкек не істеп?), амандасты (көкек не істеді), көрмедім, теңгермедім (мен не істедім?) деген сөздер заттардың (сен, көкек, мен) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Сондықтан бұл сөздер етістік болып табылады.
Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар мыналар:
1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те; шеге-ле, таза-ла, бас-та, т. б.
2. -а, -е: ойн-а, бос-а, мін-е т. б.
3. -ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қар-ай т. б.
4. -ар, -ер, -р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р т. б.
5. -ғар, -гер, -қар, -кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер т. б.
7. -ыра, -іре: сарқ-ыра, жарқ-ыра, желб-іре т. б.
Етістіктерді райдың түріне қарай ажыратып жаз?
Жаз, қалдыр, шамына ти, сына, міне, алғыс айт.
Етістіктерге морфологиялық талдау жаса?
Етістіктердің қосымшаларын дефис арқылы жазып шығыңыз?