Тыңдалым “Мәдени орындар” кино желісінен үзінді



бет3/6
Дата06.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#55242
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Кітап

СӨЗ ҚОРЖЫНЫ
Мұражай – музей
Кітапхана – библиотека
Мешіт – мечеть
Ескерткіштер – памятник
Кесене – мавзолей


дарынды, шебер, қайраткер, еңбегі сіңген, қойылым, көрермен, құрмет көрсету, дүниетаным, шымылдық, танысу, репертуар, бөлім, ләззат алу, қатар, мәдениет, сахна, көркемделуі, драматургия, опера және балет, жасөспірімдер, сүйікті кейіпкерім.


ОҚЫЛЫМ.
1.Мәтінді оқып,сұрақтарға жауап беріңіз.



Ерке Ертіс жағасындағы ежелгі Семей – ұлттың рухани ордасы, тарихи, шежіре қала. Мұнда тарихи көрнекті ғимараттар, ескерткіштер өте көп. Олардың әрқайсысының қала тарихы туралы айтар сыры да берер мағлұматы мол. 2013 жылы құрылғанына 130 жыл толатын және кезінде ұлы Абай кітап алып оқыған Абай атындағы әмбебап кітапхананың белсенді өмірі еліміздегі ең байырғы мәдени ошақтарымен тізе қосып, облысымыздың ғасырлар бойы қараңғылық түнегінде қамалып келген қалың еңбекші қауымның сауатын ашуға, ғылым негіздерін үйренуге өзіндік үлес қосқан тарихи кітапхана.
1940 жылы құрылған Абайдың әдеби-мемориалдық қорық мұражайы Абай өмірінен сыр шертетін жергілікті жұртшылық пен қаладан тысқары келетін қонақтардың сүйікті орнына айналды.
Абай атындағы сазды драма театры қара шаңырақтың бірінен саналады. Соның бір айғағындай, мұнда әр жылдары халқымыздың көрнекті қайраткерлері Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебекрв, Ғалиакпар Төребаев, Шәкен Айманов еңбек етті. Шоқан Уәлиханов жазбаларында бірнеше мәрте кезігетін Тыныбай есіміндегі мешіт те көненің көзі. Сонымен қатар орыс жазушысы Ф.Достоевский тұрған мұражай үйінің, тарихи өлкетану мұражайының кейінгі ұрпаққа берері мол тарихи деректерге толы.
Семей – тарихи тұлғалардың ескерткіштеріне де бай. Қабанбай, Әміре, Абай, Әуезов, ауғандықтарға, революция мен азамат соғысының батырларына арналған ескерткіш т.б. ескерткіштер кейінгі ұрпақтың тағзым етіп, еске алуы үшін тәрбиелік мәні зор орындар.
Бүгінгі таңда Семей осындай әсем де тарихи көрнекті ғимараттарымен туризм қаласы болып отыр.


Сұрақтар

  1. Мәтінге жоспар құрыңыз.

  2. Мәтіндегі басты айтылған ойды анықтаңыз.

  3. Семей мәдени орындары туралы не білесіз?

  4. Мәтіндегі етістіктердің қай түрге жататынын талдаңыз.

ЖАЗЫЛЫМ



  1. Сілтемеге кіріп, кестені толтырыңыз





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет