Тыңдалым “Мәдени орындар” кино желісінен үзінді


Болымсыз етістіктер қалай жасалады?



бет5/6
Дата06.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#55242
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Кітап

8. Болымсыз етістіктер қалай жасалады?
А) Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ба, -бе, -па, -пе, -ма, -ме жұрнақтарының жалғануы арқылы және белгілі шақ тұлғасындағы болымды етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы
В) ) Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер жұрнақтарының жалғануы арқылы және болымды етістікке еді, де сөздерінің тіркесуі арқылы
С) Негізгі етістікке –ын, -ін, -н жұрнақтарының жалғануы арқылы
Д) Туынде етістікке –дыр, -дір, тыр,-тір, ғыз,- гіз жұрнақтарының жалғануы арқылы
9. Сабақты етістік дегеніміз не?.
А) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістік
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістік 
С) Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік
Д) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі
10. Салт етістіктерді ажыратыңыз.
А) сөйледі, сұра, жаз, көр
В) баста, секірді, құлап қалды, ұшып түсті
С) бардым, сырласты, шықтың, мақтанды
Д) құйды, айтты, бар, келіс
11. Етістің түрлерін табыңыз.
А) Жалпы, болымсыз, көмекші, негізгі
В) Дара, күрделі, негізгі, туынды
С) Салт, сабақты, болымды, ортақ
Д) Өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ
12. Өзгелік етіс жұрнақтарын ажыратыңыз.
А) –ын, -ін, -н, -ыл, -ыл, -л
В) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір,-ыр, -ір, -т
С) –ыс, -іс, -с, -ын,-ін,-н
Д) –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р
13. Есімше дегеніміз не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктің түрі
С) Есімдер сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрі
Д) Негізгі қимыл- амалды және негізгі қимылды айқындайтын, қосымша қимылды білдретін етістіктің түрі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет