3) Дене тұрқы.Кез келген шешенді «Қолымды қайда қоямын?» және «Қалай дұрыс тұру керек?» деген сияқты сұрақтар мазалайды. Аудиторияны тыңдаған кезде қолыңызды қатты түсірмеу керек, сөйлегенде қимыл- ишаратпен сөзіңізді жеткізу өте маңызды.
4) Паразит сөздер.Бұл ешқандай мағынасы жоқ сөздер, егер оларды мүлдем қолданбайтын болсаңыз, сөйлеу мәнеріңіз жақсарады әрі тазарады. Бұл сөздерге: «е-е-е-е», «м-м-м», «не ғой», «былай ғой», «негізі», «жаңағы»,«қысқасы», «яғни» және т.б. жатады.
5) Ойлау икемділігі.Қиын жағдайлар туындағанда, аудитория тарапынан қитұрқы сұрақтар қойылғанда және мінезі қиын тыңдаушылар болған кездегі келеңсіздіктерден шешен адамның ойлау икемділігіне байланысты оңай құтылуға болады.
6) Сөздік қор.Кейде шешен адамда жоғарыда көрсетілген қасиеттердің барлығы болса да, сөздік қорының болмауы немесе оның тым жұтаңдығы оны ыңғайсыз жағдайда қал- дыруы мүмкін.