188
Мазмұндамадағы мәселеге байланысты берілген сұрақтар негізінде сөйлемдерді бір-
біріне байланыстыра жауап жазу.
Ответить на
вопросы по теме изложения, объединив предложения друг с другом.
1. Мәдениет дегеніміз не?
«Не?» арқылы беріліп тұрған сұрақ «мәдениет» сөзіне түсінік беруді талап етеді. Мәтін
мазмұны бойынша біз
1. Мәдениет (латын. Cultura – өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі
адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер деген сөйлемді аламыз.
2. «Мәдениет» араб тіліндегі «мудун» сөзінен шыққан; біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын
берсе, «медэни» – «қала тұрғыны» деген ұғымды меңзейді. Осыдан «мәдениет» деген сөз
пайда болған.
3. Енді «мәдениет» – «өркениет» және «қоғамдық-экономикалық формация», «жаһандану»
деген ұғымдармен түйіседі. Сіздің жауабыңызда сіз өзіңіз «мәдениет» сөзін қалай түсінетініңізді
жазуыңыз керек. Жауабыңыз мына формада болуы мүмкін:
Менің ойымша, мәдениет – ... .
2. Неліктен мәдениет – адам жасаған екінші табиғат деп те аталады?
Бұл сұраққа жауап берерде жалпы табиғат – бізді қоршаған орта екенін көз алдымызға
елестетеміз. Адамның табиғатсыз күні жоқ.
Сіздің жауабыңыз: Мәдениет – екінші табиғат, өйткені ... деп
өз дәлелдемелеріңізді алға
тартқаныңыз жөн.
3. Адамдар қоршаған ортаға қалай әсер етеді, мәдениетке мұның қатысы бар ма?
Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған
мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау
нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Адамның тікелей әсері туралы кеңірек
жауап беруге болады. Мысалы:
1. Адамдар ерте кезден-ақ тасты өңдеді.
2. Қару-жарақ жасады.
3. Тасқа қашап сурет салды.
4. Жан-жануарларды қолға үйретті.
5. Олардың терісінен, жүнінен өзіне қажетті көп нәрселерді жасады.
6.
Заман дамыған сайын, жаңалықтар енгізіп, өз шеберлігін арттырып отырды.
7. Табиғаттан алынған заттардың барлығын өз қажетіне жұмсады.
4. Қоғамда адам тілегінен бөлек мәдениет қалыптаса ма?
Бұл сұраққа жауап бергенде, мәтінді, мәтіннен бөлек өз дүниетаным көкжиегі бойынша бар
біліміңізді пайдаланып, жауап беруге болады. Жауабыңызда сұрақ негізін растауға немесе
жоққа шығаруыңызға болады. Сөйлеміңіз: иә/жоқ модаль сөздерінен басталуы мүмкін.
5. Мәдениет қоғамды қалай алға жылжытады?
Бұл сұраққа жауап бергенде қоғамды алға жылжытушы, экономиканы өркендетуші, адам
өмірін жеңілдетуші, жаһандануға жақындатушы факторлар туралы айтуға болады.