190
Бөліктер
Тірек сөздер
Жоспар
Жер-Ана бәрімізге ортақ. Оның
бетінде болатын табиғи ауытқушылық
ғаламторды мекен етушілердің
бәріне бірдей зардабын тарттырады.
Сондықтан Қазақстандағы әрбір өлкенің
табиғатын аялау, оған сүйіспеншілікпен
қарау табиғатты аялау сезімін оятады.
Табиғи
ауытқушылықтар,
мекен етушілер,
зардабын
тарттырады,
әрбір өлкенің
табиғатын аялау,
сүйіспеншілікпен
қарау
Жер-Ананы қорғайық
Осындай Ертіс өңіріндегі көрікті әрі
табиғаты бай өлке – Марқакөл көлінің
аймағы. Марқакөл теңіз деңгейінен
1434 метр биіктікте орналасқан. Оның
тереңдігі – 27 метр.
Басты байлығы – халық «майқан» деп
атайтын қызыл балық. Айналасындағы
орманда аңдар мен құстардың 60-қа
жуық түрі тіршілік етеді. Қазір Марқакөл
көлі мен оның төңірегіндегі орманды
алқап қорыққа айналдырылған. Өлкенің
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
қорғауға алынған.
Ертіс өңірі, бай өлке,
Марқакөл аймағы,
биіктігі 1434 метр,
тереңдігі 27 метр,
басты байлық,
майқан балығы,
Марқакөл төңірегі,
орманды алқап,
қорыққа айналған,
өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі
Марқакөл байлығы
Аңшылар мен ғылыми қызметкерлер
аңдарды есепке алады, олардың
тіршілік-тынысын бақылайды. Қыста
аңдар қосымша азықтандырылады,
өйткені Марқакөлдің қысы қатты әрі
ұзақ. Адамдардың қамқорлығына
жануарлар әбден үйреніп алған.
Қар қалың жауған жылдары олар таудан
түсіп, елді мекендерге жақын жерге
жайылады.
Табиғатты қорғау жақсы нәтижелер
бере бастады, өйткені Марқакөлде
бүкіл Ертіс өңірінің қарағайлы орманы
мен қуаң даласын мекендейтін марал,
қызыл қасқыр, бұлан, бұғы, қабан, тіпті
қоңыр аюды да кездестіруге болады.
Аңшылар
мен ғылыми
қызметкерлер,
қосымша азық,
қатты қыс, таудан
түсу, елді мекенге
жақындау, табиғатты
қорғау шаралары,
қарағайлы орман,
қуаң дала, марал,
қызыл қасқыр, қоңыр
аю, кездестіру
Қазақстан – бай өлке
Аң-құстарға қамқорлық жасау Қазақстан
мемлекетінде табиғатты қорғау, табиғат
байлықтарын көбейту мақсатында
ұйымдастырылған.
Аң-құстарға
қамқорлық жасау,
табиғат байлығын
көбейту
Табиғатты қорғау
шаралары
Мәтін мазмұнына қатысты жоспар құрыңыз.
Жоспарды құру үшін мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, тірек сөздерді
анықтауымыз керек:
Достарыңызбен бөлісу: