балуан Шолақ
Баймырзаұлы Балуан Шолақ – қазақтың халық композиторы, ат ойынының
түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны
жерге тимеген балуаны. Оның есімін халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен
еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп
атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Әкесі
Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі
болған дейді. «Алып – анадан туады» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына
тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
1
193
ЖАЗ
ылым
бөлігі
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған спортшы болған,
шауып келе жатқан ат үстінде әртүрлі күрделі жаттығуларды шебер
орындаған. Мысалы, жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен
тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып
шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың
далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау
қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң
қалдырған. 1899 ж. орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын
сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе,
жігіт шағында ол осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған
соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады
және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды
жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың
дәстүріне айналған.
Енді мәтінді бөліктерге бөлеміз де, үзіндіге ат қоямыз.
Поделим текст на три части, озаглавим микротексты.
Мәтін
Жоспар
Баймырзаұлы Балуан Шолақ – қазақтың халық композиторы,
ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін
көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.
Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен
еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты
«Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып
қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Әкесі Баймырза ағаш шебері
болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі
болған дейді. «Алып – анадан туады» деген ғой, Балуан Шолақ
та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
Алып анадан
туады
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған
спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әртүрлі күрделі
жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан
ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан
өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы
бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын,
қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын
айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт
кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж.
Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын
сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
Ат құлағында
ойнаған
алғашқы қазақ
цирк әртісі
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады.
Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар
дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген
қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және
жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі
жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру
Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.
«Жігітке жеті
өнер аз»
194
Жоғарыдағы сызбадан көргеніміздей, мазмұндаманы баяндау жоспары
мынадай болады:
1. Алып-анадан туады.
2. Ат құлағында ойнаған алғашқы қазақ цирк әртісі.
3. «Жігітке жеті өнер аз».
Мазмұндама жазу үшін құрылған жоспар, тірек сөздерді пайдалана отыра,
өз ойымызды білдіретін шығармашылық жұмыс орындаймыз. Шамамен ол
төмендегідей жұмыс үлгілерінен тұрады:
2
Жоспар
Тірек сөздер мен сөз
тіркестері
Мазмұндама
Алып анадан туады Балуан Шолақ, ат
өнерін танитын,
композитор, әнші,
балуан,үсіген саусақ,
Нұрмағанбет, әкесі
Баймырза, анасы
Қалампыр, ірі адам,
анасына тарту
Ат өнерін жақсы білген Балуан Шолақ
дарынымен қатар композитор, әнші,
балуан болған. Оның шын аты -
Нұрмағамбет. Кішкентай кезінде
саусағын үсіріп алғандықтан, халық
оны Балуан Шолақ деп атап кеткен.
Әкесі Баймырза, анасы Қалампыр.
Әкесіне қарағанда анасы ірі денелі,
қарулы адам болыпты дейді. Балуан
анасына тартып, кішкентай кезінен
алып күш иесі атанған.
Ат құлағында
ойнаған цирк әртісі
14 жас, күрес,
күрделі жаттығу,
ат үстінде тұру,
астынан өту, епті
шеберлік, Көкшетау
қаласындағы,
51 пұт кір, тасын
көтеріп, жұртты таң
қалдырған. 1899 ж.
Орыс палуаны Иван
Кореньмен күресіп,
оның қабырғасын
сындырған. Жасы
35-те еді
Балуан Шолақ 14 жасынан бастап
түрлі сайыстарға қатысып отырған.
Ат құлағында ойнай алған қазақтан
шыққан тұңғыш цирк әртісі деуге әбден
болады. Көкшетау қаласында өткен бір
сайыста 51 пұт тасты көтеріп, жұртты
таңдандырғаны бар.1899 жылы орыс
палуаны Иван Кореньмен күресіп,
жеңген. Ол кезде жасы 35-те еді.
«Жігітке жеті өнер
аз»
Ән-күйге жаны құмар
болу, екі өнерді қатар
ұштау, Ғаникейге
үйлену, ел аралау,
әнші-күйші, палуан,
өнерлі жастарды
жинау, «ансамбль»,
топ құру
Күрес, ауырлықты көтерумен қатар ол
жастайынан ән өнеріне жақын болған.
Қасына ақындарды ертіп, салдық
өмір кешкен. Бірінші рет «ансамбль»
түсінігі қазақ даласында Балуан Шолақ
есімімен байланысты болған.
195
Достарыңызбен бөлісу: |