Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы


Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер



Pdf көрінісі
бет137/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
1-жаттығу
Көмектес септігін меңгеретін септеулік шылауы бар сөйлемді жазып, шылаудың 
астын сызыңыз.
Спишите предложения с послелогами творительного падежа и подчеркните их.
1. Мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атты спектакльге отбасыммен бірге барамын. 
2. Сейфуллин даңғылымен төмен қарай жүріп келемін. 3. Сен таңертеңге дейін 
құжаттарыңды алып кел. 4. Ол отырған көлік автобуспен қатар біраз жерге дейін 
жүріп отырды. 5. Осы аптада жұмыспен қоса отбасылық мәселе де басымды 
қатырды. 6. Дүкенде көптен бері көрмеген досымды кездестіріп, қуанып қалдым. 
7. Дүкеннен кейін екеуіміз бір жақсы кафеге барып тамақтандық. 8. Сабақпен 
қабаттасып тексеру жүріп жатыр.
Жауабы: 
1. Мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атты спектакльге отбасыммен бірге барамын. 2. 
Жол Сейфуллин даңғылымен бірге жөнделіп жатыр. 4. Ол отырған көлік автобуспен 
қатар біраз жерге дейін жүріп отырды. 5. Осы аптада жұмыспен қоса отбасылық 
мәселе де басымды қатырды. 8. Сабақпен қабаттасып тексеру жүріп жатыр.
Демеулік шылаулар. Күшейткіш, нақтылау демеуліктері
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына қажетті (-ай, -ау, де, ғой, -ақ) шылауларды жазыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужные частицы (-ай, -ау, де, ғой, -ақ).
1. Қайран, жастық жылдар-..., зуылдап өте шықты.
2. – Әй, Жиренше-..., осыны да азаматым бар деп, әлдеқандай етіп айтасың-...! - 
дейді жолдастары.
3. Ол қызды бір көрді ... ұнатып қалды.
4. Сен кеше театрға барғанда ..., тамаша қойылым болды.
5. – Ербол-..., мен қайда тұрмын осы? (М.Ә.)
6. Мынау үйде мені шақырып отырған Тоғжаным ...! - деп, бар сабырдан айырылып, 
тағы да өзгеше бұзылып кетті (М.Ә.). 
7. Бұл қала шекарадан небары қырық-... километр жерде болатын (Қ.Қайсенов).
Жауабы:
1. Қайран, жастық жылдар-ай, зуылдап өте шықты.
2. – Әй, Жиренше ай, осыны да азаматым бар деп, әлдеқандай етіп айтасың-ау! - 
дейді жолдастары.
3. Ол қызды бір көрді де ұнатып қалды.
4. Сен кеше театрға барғанда ғой, тамаша қойылым болды.
5. – Ербол-ау, мен қайда тұрмын осы? (М.Ә.)


213


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет