214
Себеп мәнді жалғаулықты сөйлем
Салдарлық мәнді жалғаулықты сөйлем
Мен бүгін ерте жатып қалдым, себебі
таңертең үйден ерте шығып кетуім
керек.
Сіз күні бойы көп жұмыс бітірдіңіз,
сондықтан біраз демалып алыңыз.
Қазақ тілін әрбір азамат білуі керек,
себебі ол – мемлекеттік тіл.
Ертең мен болмаймын, сондықтан
жиналысты өткізе беріңдер.
Баланың бар тәрбиесіне сіз
жауаптысыз, өйткені сіз баланың
анасысыз.
Ол кеше жиналыста болған жоқ,
сондықтан кейбір мәселелерді түсінбей
отыр.
Мен ол жерде болмадым, себебі мені
үй иелері шақырған жоқ.
Сіз симпозиумда сөйлейсіз, сол себепті
сөйлейтін тезисіңізді дайындаңыз.
Асқар үйіне кетті, себебі баласы үйдің
кілтін жоғалтып алыпты.
Мен өте ақкөңіл адаммын, неге десеңіз,
менің шешем де, әкем де ақкөңіл
кісілер.
Достарыңызбен бөлісу: