Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет68/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

102
103
104
105


101
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Кабинетте бөлім бастығы ғана отыр ма? 
– ... .
А) Иə, ол бөлім бастығы ғой
В) Жоқ, ол ғана емес, қонақтар да бар
С) Бөлім бастығы мына кабинетте отыр еді ғой
D) Бөлім бастығы өндіріске ертең баратын болды
106
Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздер – қоршаған табиғат құбылыстарының жəне айналадағы заттардың 
қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға 
байланысты əрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің еліктеуден пайда болған 
мəн-мағынаны білдіретін ұғым атаулары, сол сөздердің жиынтығы.
Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда біріншіден, табиғатта ұшырайтын 
сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан 
туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын 
əрқилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, 
сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың жəне неше түрлі 
жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл-əрекеттерінің де қилы-қилы 
көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді.
Мысалы: арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, 
шырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, шіңк, сыңқ, таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, 
былп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-тұрс, арс-ұрс, жалт-жалт, жалт-жұлт, 
қалт-қалт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, шаңқ-шаңқ, шаңқ-шұңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, 
арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, шатыр-бұтыр, далаң-далаң, тарбаң-тарбаң, 
қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір, қайқаң-қайқаң, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-
тыржың т.б.
Еліктеу сөздер мағынасына қарай айналадағы əртүрлі дыбысқа, жеке қимылға, іс 
əрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер жəне бейнелеуіш сөздер 
болып екіге бөлінеді.
Табиғаттағы заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, сияқты алуан түрлі 
қимыл, əрекеттердің нəтижесінде əртүрлі дыбыстар пайда болады. Сол дыбыстарға 
еліктеу арқылы пайда болған сөздер дыбыстық еліктеуіш сөздер деп аталады. 
Еліктеуіш сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Ондай кезде көмекші 
етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып, қимылдың амалын 
білдіреді. Мысалы: тырс-тырс етті, сарт етті, арс-арс етеді, пыр-пыр етті т.б. Мысалы: 
Қыздың сыңғыр еткен күлкісі өзіне керемет жарасады. 
Еліктеуіш сөздер көбінесе көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) 
тіркесіп жұмсалады. Мысалы: сарт етті, қыңқ етпеді, саңқ етті, топ етті т.б. Күн күркіреп, 
найзағай жарқ-жұрқ ойнады, артынша нөсер жаңбыр құйды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет