Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет69/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Ескерту:
Еліктеу сөздер жіктелмейді. Еліктеу сөздер құрамындағы ашық-қысаң дауысты 
дыбыстардың ауысуы сөз мағынасына əсер етеді. Мысалы: алыстан от жалт етті – 
алыстан от жылт етті (оттың көлемі өзгеріп көрінеді). Есік сарт етіп ашылды – есік 
сырт етіп ашылды (есіктің ашылу күйі өзгерді: бірде қатты, бірде жай ашылды).


102
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Кабинетке кірсем, ... əңгіме қызып жатыр екен.
А) гу-гу
В) сарт-сұрт
С) бүлк-бүлк
D) былш-былш
1) гу-гу – əңгіменің қызған кезін білдіреді;
2) сарт-сұрт – əңгіме абстрактілі ұғым, оның дыбыстық еліктеуіші жоқ;
3) бүлк-бүлк – бұл сөз сорпа бүлк-бүлк қайнады, ат бүлк-бүлк желді жəне т.б; сөздермен тіркесіп, 
қимылдың бірқалыпты қозғалысын білдіреді;
4) былш-былш – бұл сөз батпақты былш-былш кешу жəне т.б. сөздермен тіркеседі, ал əңгіме 
сөзімен тіркеспейді.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Бөлмеде тып-тыныш, тек ... соққан сағаттың дыбысы ғана естіледі.
А) сарт-сұрт 
В) сырт-сырт 
С) жарқ-жұрқ
D) жылт-жылт
1) сарт-сұрт сөзі – есік жəне т.б. қатты заттарға қатысты қолданылады: есік сарт-сұрт жабылады;
2) сырт-сырт сөзі – сағат сыртылына қатысты қолданылады, сондықтан көп нүктенің орнына 
қоюға болады;
3) жарқ-жұрқ сөзі – найзағай, шамның жарқылына қатысты қолданылады;
4) жылт-жылт сөзі – бір заттың алыстан жылтылдап көрінуін білдіреді.
♦ Қате жауапты белгілеңіз.
Определите неверный ответ. 
– Балам, үйдің артында бір нəрсе бар сияқты, қарашы.
– ... .
А) Сиыр ғой мөңіреп жатқан
В) Ит қой арс-арс үріп жатқан
С) Мысық қой пыр-пыр етіп жатқан
D) Апа, жаңбыр тамшылары ғой, тыз-тыз еткен
1) сиыр мөңірейді, сондықтан бұл дұрыс;
2) ит арс-арс етіп үреді, сондықтан бұл – қате емес;
3) мысық пыр-пыр етіп жатады, сондықтан бұл сөйлем – қате емес;
4) жаңбыр тамшылары тыз-тыз етпейді, тырс-тырс етіп тамады, сондықтан бұл сөйлем – қате.
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант. 
Олардың дауысы ... етіп, қасымдағы адамның сөзі естілмей кетті.
А) су-су
В) шиқ-шиқ 
С) тарс-тарс
D) шаңқ-шаңқ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет