104
111
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Баласы ... етіп келе жатыр еді, əкесінің қату қабағынан езуін жия қойды.
А) елең-елең
В) қоқаң-қоқаң
С) арбаң-арбаң
D) ыржаң-ыржаң
1) елең-елең сөзі жан-жағына жалтаң-жалтаң етіп қараған қимыл-қозғалысты білдіреді;
2) қоқаң-қоқаң сөзі біреуге сес, күш көрсету мəнінде қолданылады;
3) арбаң-арбаң – адамның ебедейсіз қимыл-қозғалысына қатысты сөз;
4) ыржаң-ыржаң – күліп келе жатқан адамның қимыл-қозғалысына қатысты қолданылады,
сондықтан сөйлем мазмұнымен сəйкес келеді.
♦ Ойламаған жерден, кенеттен, шұғыл істелген қимылды көрсетіңіз.
Укажите действие, выполненное внезапно и неожиданно.
А) Көзінен мөлт-мөлт етіп қуаныш жасы ағып жатыр.
В) Ертесіне түске қарай сау етіп құдалары жетіп келді.
С) Далада тырс еткен дыбыс жоқ, айнала меңіреу тыныштық.
D) Анасы абыр-сабырда ұялы телефонын үйде қалдырып кетіпті.
1) мөлт-мөлт етіп тіркесі адамның эмоциясын көрсетіп тұр;
2) сау етіп – кенеттен, ойламаған жерден келген қонақтардың қимыл-қозғалысын білдіріп тұр;
3) тырс – дыбыстық еліктеуіш сөз;
4) абыр-сабыр сөзі қимылдың жүйесіз болғанын білдіреді.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Отты көздері ... ете қалды.
А) жұлт
В) жарқ
С) жалт
D) жалп
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Баласы анасына ... етіп қарағыштай берді.
А) сылаң-сылаң
В) далаң-далаң
С) жалтаң-жалтаң
D) күркіл-күркіл
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Үйдің шатырынан шелекке ... етіп тамып жатыр.
А) тарс-тарс
В) күмп-күмп
С) жалп-жалп
D) тырс-тырс
Достарыңызбен бөлісу: