Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет71/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

112
113


105
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қыздың мойнындағы моншағы ... етіп көздің жауын алады.
А) жарқ-жарқ
В) жалт-жұлт
С) жалт-жалт
D) жалп-жалп
114
Ишара одағайларының берілуі
Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар 
сияқты болып келеді. Мұндай сөздер жұртшылыққа əбден түсінікті болып, белгілі 
дағды бойынша сөз ретінде пайдаланылады. Мысалы: -Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? 
- Па, сабаз, мал болғанына! -Түу, қандай тымырсық түн. Е, жолдас, жақсы жатып, 
жай тұрдыңыз ба? деген сөйлемдердегі уау, па, түу, е деген одағайлары үйреншікті 
сөздерге айналып, жұрттың бəріне түсінікті болып кеткен.
Одағай сөздердің мағыналары адамның əртүрлі сезімімен байланысты шығатын 
дыбыстық ишараттарды білдіреді. Мысалы: Мұны бастап жүрген кім екен, ə? 
-Япырым-ау, жастық деген қандай қызық?
Ишара одағайларына адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, 
жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. Бұлар 
бағытталып отырған объектісіне қарай төмендегідей топқа бөлінеді: 
1. Адамға қатысты айтылатын одағайлар: Ау! Əй! Тəйт! Сап-сап! Кəне! Жə! Тек! 
Əуп! Тəй-тəй! Қаз-қаз! жəне т.б.
2. Жануарға қатысты айтылатын одағайлар: 
түйеге: көс-көс!, сорап-сорап!
қой мен ешкіге: пұшайт-пұшайт, қош-қош, шəйт!, шек!
жылқыға: моһ-моһ! тəк, тəк! құрау-құрау! құр, құр!
сиырға: ауқау-ауқау, əукім-əукім.
ит пен мысыққа: кə!, күшім-күшім!, мышым-мышым!, пырс!
Ескерту:
Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы 
да, қимылдың жайы-күйі туралы да ұғым бермейді.
♦ Көп нүктенің орнына тыйым салу мағынасын білдіретін сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте слово со значением запрета.
..., жетер енді дауласқандарың, - деп əкесі балаларына зекіп тастады.
А) Тəйт 
В) Шіркін
С) Пай-пай 
D) Бəрекелді
1) тəйт – тыйым салу үшін жұмсалатын одағай;
2) шіркін сөзі сүйсінуді, таңдануды білдіруде жұмсалады;
3) пай-пай сөзі қуанышты білдіруде жұмсалады;
4) бəрекелді – ризашылықты білдіруде қолданылды.
♦ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
«..., лағым!», - деп немересі лақты шақырып, мəз болды.
А) Кə-кə 
В) Көс-көс
С) Шөре-шөре 
D) Құрау-құрау
1) кə-кə – итті шақыруға арналған одағай сөз;
2) көс-көс – түйеге қатысты қолданылатын сөз;
3) шөре-шөре – лаққа қатысты қолданылады;
4) құрау-құрау – жылқыға қатысты айтылатын одағай сөз.


106
115
♦ Тыйым салу мағынасындағы сөйлемді табыңыз.
Найдите предложение со значением запрета. 
А) Қап, автобустың кетіп қалғаны-ай!
В) Беу, туған жер, қадіріңді білмеппін ғой?!
С) Пəлі, осыны да қиынсынып тұрмысың!
D) Жə, баланың көзінше не болса, соны айта берме!
1) қап – өкініш мəнін білдіретін сөз;
2) беу сөзі – адамның көңіл күйін (сағынышын) көрсетіп тұр;
3) пəлі сөзі – таңдану мəнінде қолданылған;
4) жə сөзі – тыйым салу мəнінде жұмсалып тұр.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
..., тез жетіп алайық!
А) О 
В) Аһ
С) Уһ
D) Кəне
Асты сызылған сөздің мағынасын көрсетіңіз.
Укажите значение подчеркнутого слова.
– Жə, жылама енді.
А) ұнату, қуану
В) тоқтату,тыю
С) ренжу, ұнатпау
D) таңдану, көрсету
Жекіру мəнді сөзді көрсетіңіз.
Найдите слово со значением недовольства, выраженного повышенным тоном.
А) Əй
В) Ой
С) Тəйт
D) Пəле
Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Ерсұлтан, қайдасың балам?
– ... .
А) Ой, апа! Үйде кілтім қалып кетіпті ғой!
В) Апа, ертең қалаға қыдырып қайтайықшы.
С) Түу, əже! Менің өтінішімді орындайды ғой десем...
D) Төргі бөлмеде сабақ оқып отырмын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет