8
9
128
10
11
12
13
14
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) отбасы, қонақ, туыс, ауыл, қуырдақ
В) отбасы, қонақ, уақыт, қызмет, әріптес
С) отбасы, қызмет, ата-ана, қоныстой, қонақ
D) сыйластық, қымыз, отбасы, қонақ, қызмет
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Досымның бір ұлы, бір қызы бар.
В) Ақсуат ауданында ата-аналары тұрады.
С) Досымның отбасы шағын болса да, үлгілі, қонақжай.
D) Мемлекеттік қызметшілер жалақыларын уақытылы алады.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Дастарқан басында батаны кім берді?
А) достары
В) әріптестері
С) Балнұрдың шешесі
D) Ермектің қайын атасы
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Үлгілі қазақ отбасы туралы ақпарат беріледі.
В) Қазақ халқының қонақжайлылығы сипатталады.
С) Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу жолдары
D) Қазақ халқының ұлттық тағамдары мен дәстүрлі сусындары туралы
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее точный заголовок текста.
А) Қоныстой иелері
В) Ұлттық тағамдар
С) Досымның отбасы
D) Мемлекеттік қызметшілер
129
Оқылым бөлігі
Елімізде жеңіл өнеркәсіп жылдан-жылға дамып келеді. Соңғы жылдары, әсіресе,
Алматы қаласында жеңіл өнеркәсіп қанатын кеңге жайып келеді. Сондай өнеркәсіп
орындарының бірі Алматы тоқыма фабрикасы. Фабрика жаңа стильдегі
жоғары сапалы киім, әртүрлі арнайы жұмыс киімдері мен кәдесыйлар шығарады.
Алматы тоқыма фабрикасы сапалы өнім өндіруші кәсіпорын. Фабрикада тек
қой жүнінен ғана емес, мақтадан да түрлі өнім өндіріледі. Мақта өнімдері де
жақсы болады. Бұл фабриканың өнімдері тұтынушылардың сұранысына ие. Онда
ерлер мен әйелдерге, балаларға арналған тоқыма бұйымдар мен киім-кешектің сан
алуан сәнді үлгілері өндіріледі. Қалада Алматы тоқыма фабрикасының өнімдерін
сататын дүкендер де өте көп. Бұл дүкендерге түскен тауарлар лезде сатылып кетіп
жатады. Өйткені сапалы тауар өтімді болады әрі бұл кәсіпорынның өнімдерін
тұтынатын тұрақты тұтынушыларының саны да көп болады.
Мен Алматы қаласының тұрғынымын. Мен сапасы жоғары тауарларды
тұтынамын. Отбасы мүшелеріне керекті киім-кешекті тек қана осы Алматы
тоқыма фабрикасының өнімдерінен алуға тырысамын. Қойдың жүнінен тігілген киім
жылы болатыны белгілі. Сондықтан қыстық киімдердің қой жүнінен жасалғандарын
аламын. Кеше әжеме түбіт шәлі мен жылы шұлық, ініме жылы қолғап пен бас киім
алдым. Сәнді бұйым адамға жақсы көңіл күй сыйлайды. Өзіме кең қалталы шалбар
мен ақ түсті сәнді көйлекті таңдадым. Көйлекке түйме қадау да шеберлікті
қажет етеді екен. Мен алған көйлектің түймесінің өзі айрықша пішінді, белбеуі
өте сәнді көрінеді. Бауырым Арсен мақтадан тігілген жылы күртеше алды. Жаңа
жыл қарсаңында осы дүкеннен анама сұр түсті пальто, әкеме жылы кеудеше
алғанмын. Алған сыйлықтарым ата-анама қатты ұнады.
Өзім осы Алматы тоқыма фабрикасында жұмыс істеймін. Жеңіл өнеркәсіп
жұмысшылары ауысымдық мерзіммен жұмыс жасайды. Мен де ауысымдық мерзім
бойынша еңбек етемін. Сапалы тауар арқылы тұтынушы қажеттілігін өтеуге
болады. Сондықтан фабрика жұмысшылары өзіміз өндіретін тауарларды сапалы
өндіруге бар ынтамызды саламыз. Өнімді жаңа технологиямен дайындаймыз.
Тұтынушы қажеттілігін орындау басты міндетіміз.
Қазақстандықтар отандық өнімдерді тұтынады. Отандық өнімді пайдалану
отандық кәсіпкерлер үшін тиімді. Сапалы тауарлардың иесі отандық кәсіпкерлер.
Олар өнімдерінің өтімді болуы үшін тұтынушы көңілінен шығуды міндет санайды.
Сондықтан да болар отандық өнімге деген сұраныс артып келеді.
Соңғы уақытта Қазақстанда отандық өнім өндіретін кәсіпорындардың
саны артып келеді. Елімізде тұтынушы қажеттілігін отандық өнімдер өтейді.
Қазақстан халқы тек отандық өнімдерді пайдаланады.
3-мәтін
жеңіл өнеркәсіп –
легкая промышленность
сұраныс –
спрос
кәдесый, базарлық –
сувенир
түбіт шәлі –
пуховой платок
130
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Қандай тауарлар өтімді болады?
В) Кәсіпкерлік жұмыс біліктілікті қажет ете ме?
С) Тауар сапасын қандай белгілеріне қарап білесіз?
D) Отандық кәсіпкерлер өндіретін қандай өнім түрлерін білесіз?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.
А) Ініме кең қалталы шалбар алдым.
В) Қойдың жүнінен қыстық киімдер тігіледі.
С) Кәсіпкерлік жұмыс табандылықты қажет етеді.
D) Тұтынушы сұранысын шетелдік өнімдер өтейді.
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) тұтынушы, жеңіл өнеркәсіп, түбіт шәлі
В) жұмысшы, отандық өнім, қысқа күртеше
С) өтімді тауар, тоқыма фабрикасы, кәдесый
D) жеңіл өнеркәсіп, отандық өнім, өтімді тауар
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
Ол ... .
А) дүкеннен ата-анасы мен әжесіне кәдесый алды
В) әжесіне, інісіне және ата-анасына сыйлық алды
С) інісі Арсен мен ата-анасына сәнді кәдесыйлар сатып алды
D) дүкеннен әжесіне жылы шұлық және сыйлықтар сатып алды
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Олардың басты міндеті не?
А) сәнді бұйымдар өндіру
В) ата-анасының сенімін ақтау
С) тұтынушы қажеттілігін орындау
D) дүкендердің тапсырысын орындау
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Мақта өнімдерінің сапасы туралы баяндалады.
В) Жеңіл өнеркәсіп орындары туралы баяндалады.
С) Алматы қаласы тұтынушыларының талғамы жоғары.
D) Алматы тоқыма фабрикасының өнімдері тұтынушы қажеттілігін өтейді.
Достарыңызбен бөлісу: |