Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет86/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

33


134
34
35
36
37
38
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
А) Сүттен қаймақ алынады.
В) Ешкі сүтінен айран ұйытады.
С) Сүттің адам денсаулығына пайдасы зор.
D) Сүттің химиялық құрамын И.П. Павлов зерттеді. 
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите наименее важную информацию по содержанию текста.
А) Бие сүтінен ұлттық сусын – қымыз ашытылады.
В) Сүт дәрумендерге, қышқылдар мен майларға өте бай.
С) Сүт құрамында микроэлементтер мен ферменттер көп.
D) Сүттің ерекше қасиеті – ас қорыту бездерінің жұмысын жақсарту. 
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для первого абзаца.
А) Еттен жасалатын тағамдар
В) Адам ағзасына қуат беруші 
С) Қуырылған жүгері түрлері
D) Дәннен жасалатын тағамдар 
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для второго абзаца.
А) Ағзаға пайдалы өнім
В) Айран – ұлттық сусын
С) Сүт өнімдерінің түрлері
D) Сүттен дайындалатын тағамдар 
Мәтіннің үшініші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для третьего абзаца.
А) Уыз түрлері
В) Ірімшік дайындау тәсілі
С) Сүттен өндірілетін тағамдар 


135
Оқылым бөлігі
Туризм кез келген мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік-қоғамдық 
өмірінде ерекше орын алатын сала. Кез келген елдің халықаралық байланыстары 
мен экономикасын дамытуға туризм өзіндік үлесін қоса алады. Сондай-ақ, сыртқы 
сауда байланысын арттыру мен жұмыс орындарының анағұрлым мол ашылуы секілді 
мәселелерге аталмыш сала өз әсерін тигізеді. Мемлекетімізде туризм саласын 
дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей өркендеп 
келеді. Халқымыздың әл-ауқаты артып, ел экономикасы дамығалы еліміздің 
азаматтары да туристік сапарларға жиі шығатын болды. 
Туристік сапарларға арналған фирмалар біздің қалада көп. Теледидар 
жарнамалары арқылы туристік фирмалармен танысуға болады. Ерсін де 
теледидар жарнамалары арқылы бірнеше туристік фирмалармен танысып шықты. 
Ол достарымен ақылдаса келе биылғы кезекті еңбек демалысында отбасымен 
туристік сапарға шығуды жөн көрді. Туристік сапарға шықпас бұрын туристік 
бағдарламамен танысу керек. Ол өзі таңдаған «Саяхатшы» туристік фирмасының 
бағдарламасымен танысу мақсатында фирмаға барып келді. «Саяхатшы» туристік 
фирмасы Абай даңғылының бойында орналасқан екен. Абай даңғылының бойында 
үлкен ғимараттар өте көп. Солардың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы 
театр. Ерсін іздеген туристік фирманың кеңсесі де осы театр жанында орналасқан 
екен. Ерсін көп қиналмастан «Саяхатшы» фирмасының кеңсесін тез тауып барды. 
Әріптестік байланыс орнату арқылы жұмыстың сапасын арттыруға болады. 
«Саяхатшы» туристік фирмасы да қаламыздағы барлық туристік фирмалармен 
тығыз байланыста еңбек етеді. Фирма қызметкерлері де сыпайы, мәдениетті 
екен. Олар келушілерге сапалы қызмет көрсетуде. Ерсінге қызмет көрсеткен Жанар 
өз ісінің нағыз білгірі екен. Ол лезде Ерсінді қызықтырған сауалдарға жауап беріп, 
еліміздегі демалыс орындар туралы толық мәлімет берді. Туристік фирмалардың 
жеңілдіктерін пайдалану арқылы табысы орташа адамдар да алыс сапарларға 
баруына болады.
Ерсін ойлана келе Көкшетауға барып демалуды жөн көрді. Ол бала күнінен 
Бурабай көлдерін, әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтасты көруге құмартушы еді. 
Көкшетауды «Қазақ Швейцариясы» деп атайды. Бұл атына заты сай жер. 
Көкшенің биік таулары, тұнық мөлдір көлдері, хош иісті гүлдер мен жидекке толы 
ормандары көрген адамды таңдандырады. Көкшетаудың солтүстік батысында 
«Алтын тоғай» атты туристік база бар. «Бурабайға» баратын жол орманның 
арасынан өтеді. Жолдың бойында өсіп тұрған ару ақ қайыңдар, қарағайлы 
ормандар, күміс күлкісімен сылдырап ағып жатқан мөлдір бұлақтар көздің жауын 
алады. «Бурабай» минералды суларымен, шипалы балшығымен белгілі аймақ. 
Көкшетаудың әсем табиғаты барша қазақстандықтардың мақтанышы. Оның 
жұпар ауасы дертке дауа.
Ерсін отбасы мүшелеріне, әсіресе, ұлы мен қызына отанымыздың көрікті аймағы 
Көкшені көрсеткісі келді. Өйткені ол балаларының өз елінің нағыз патриоты болып 
өскенін қалайды. 
Туристік сапарларға ұшақпен барған тиімді. Ерсін отбасымен Бурабайға 
ұшақпен баратын болды. 
4-мәтін


136
D) Ас қорыту бездерінің қызметі
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Ерсін «Алтын тоғай» туристік базасына бұрын барған ба?
В) Көкшетаудың солтүстік батысында қандай туристік база бар?
С) «Алтын тоғай» туристік базасы Алматы қаласында орналасқан ба?
D) Көкшетаудың оңтүстік батысында «Саяхатшы» туристік базасы бар ма?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.
А) Ерсін – Көкшетау қаласының тұрғыны.
В) Ол достарына Бурабай көлдерін көрсетуге құмар еді.
С) Ерсін отбасы мүшелеріне Көкшетауды көрсеткісі келді.
D) Көкшетау қаласында «Бурабай» туристік базасы ашылды.
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) сапар, жарнама, ұшақ, туризм
В) Ерсін, сапар, туристік фирма, Көкшетау
С) Ерсін, туристік фирма, бағдарлама, қарағай
D) Ерсін, Жанар, туристік фирма, демалыс, бұлақ
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Көкшетау өлкесінің табиғаты өте әдемі.
В) Көкшетауда «Саяхатшы» туристік фирмасы бар.
С) Қазақстандықтар Көкшетауда демалғанды ұнатады.
D) Көкшетаудың сұлу табиғаты, жұпар ауасы – дертке дауа.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Ерсін туристік фирмаға не үшін келді?
А) жарнама беру үшін 
В) жұмысқа орналасу үшін
С) фирманың бағдарламасымен танысу үшін
D) фирма қызметкерлерімен жақын танысу үшін 
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Сыртқы туризмнің дамуы туралы ақпарат беріледі.
В) Еліміздегі ішкі туризмнің дамуы туралы баяндалады.
С) Еліміздегі туризм мен Ерсіннің сапарға шығуы туралы баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет