3 2-мәтін Моншаның бірнеше түрі бар. Мысалы араб моншасы аммам деп аталады.
Оның басты шарты – асықпау. Бұлауланудан бұрын сабынсыз жылы себезгіге
жуынады. Бірінші рет бұлаулануға кірген кезде бөлменің температурасы 36
градус, ал дымқылдығы 50 пайыз болуы шарт. Бұл жолы 25-30 минутқа дейін
бұлаулануға болады. Бұлаулануға екінші рет кіргенде, бөлменің температура-
сы 90 градус, ал дымқылдығы 95 пайыз болуы қажет. Бұл жағдайда бөлмеде
жарты сағаттан артық отыруға болмайды. Бұлауланған соң денені арнайы
қолғаппен ысқылап, содан соң себезгіге шайынады. Бұдан кейін денені уқалап,
массаж жасайды. Массаждан кейін әуізге сүңгіп шығу керек. Ал әйелдер эфир
майы сіңдірілген топырақ жағады немесе апельсин гүліне оранады.
Жапондардың отбасымен бірге түсетін моншасы фуроя деп аталады. Мұнда
ең алдымен адам денесін уқалап, жөкемен ысқылайды. Содан соң себезгі
астында жуынып, ыстық моншаға түседі. Моншадан шыққан соң, себезгі астын-
да біршама шайынады да, қайтадан ваннаға отырады. Осылайша бұл әрекет
бес рет қайталанады.
Бұлауланатын бөлмесі құрғақ әрі 80-90 градус ыстыққа дейін қыздырылатын
фин моншасын сауна деп атайды. Бұл моншаға түсердің алдында алдымен
жақсылап шомылып, себезгіге шайынып, содан соң денені орамалмен әбден
кепкенше сүртеді. Сауна ішінде 5-10 минуттан екі-үш рет отырып шығуға бола-
ды. Шомылу себезгі астына барып шайынумен жалғасып отырады.
Мәтін тақырыбын анықтаңыз.
Определите тему текста.
A) Моншаның түрлері мен ерекшеліктері
B) Бұлаулану тәсілдері
C) Моншаның пайдасы
D) Моншадағы қалыпты температура
Қай халықтың моншасы қалай аталады?
1 2 араб моншасы
жапон моншасы
фин моншасы
сауна
аммам
фуроя
2 Мәтін бөліктеріне атау қойыңыз.
Озаглавьте части текста.
Мәтін бөліктері
1-бөлім
2-бөлім
3-бөлім