Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет136/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

қажетті шылаулар: 
сайын, арқылы, үшін, сияқты, туралы
Жауабы:
1. Айбек Астанаға оқуға түсу үшін келіпті. 2. Анам әскердегі ағам туралы көп 
ойлайды. 3. Майра Тараздағы сіңлісімен телефон арқылы сөйлесті. 4. Гүлсім 
оның сырын білетін сияқты. 5. Біз жазғы демалыста жыл сайын ауылдағы 
туыстарымызға барамыз.
Септеулік шылау
(барыс септігіндегі сөздермен тіркесетін септеулік)
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті шылаударды қойып жазыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующие служебные слова.
1. Алмас үйге ... келе жатқанда Біржанды жолықтырды. 2. Ол әйелін ертіп 
кешке ... бұлардікіне келетін болды. 3. Мен бар шаруамды түске ... тез бітіріп 
тастадым. 4. Досымды үйіне ... машинамен жеткізіп салдым.
Тиісті шылаулар: 
шейін, таман, қарай, шейін.
Жауабы:
1. Алмас үйге қарай келе жатқанда Біржанды жолықтырды. 2. Ол әйелін ертіп 
кешке таман бұлардікіне келетін болды. 3. Мен бар шаруамды түске шейін тез 
бітіріп тастадым. 4. Досымды үйіне дейін машинамен жеткізіп салдым.
Шығыс септігін меңгеретін септеулік шылаулар
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужные служебные слова.
1. Қыстан ... ұзақ күттіріп көктем де келеді. 2. Бір аптадан ... әкем іссапардан 
қайтатын болды. 3. Кенже сіңілісі өзінен ... тұрмысқа шығып кетті. 4. Бізді 
әкемнен ... шешеміз қаталдау ұстайтын. 5. Апасына орамалдан ... алған 
жеке сыйлығы бар. 6. Сендерден ... маған жақын ешкім жоқ екенін түсіндім. 
7. Менің біреуден ... болайын деген бөтен ойым жоқ болатын. 8. Әбу Насыр 
әл-Фарабидің 150-ден ... еңбектері бар. 9. Баласының үйден ... жүргеніне де 
біраз жылдың жүзі болыпты. 10. Оқудан ... уақытында спорт секциясына барып 
жүретін.
Қажетті сөздер:
соң, бөлек, бұрын, гөрі, ілгері, астам, басқа, тыс, тысқары, 
кейін


212
Жауабы:
1. Қыстан кейін ұзақ күттіріп көктем де келеді. 2. Бір аптадан соң әкем іссапардан 
қайтатын болды. 3. Кенже сіңілісі өзінен бұрын тұрмысқа шығып кетті. 4. Бізді 
әкемнен гөрі шешеміз қаталдау ұстайтын. 5. Апасына орамалдан бөлек алған жеке 
сыйлығы бар. 6. Сендерден басқа маған жақын ешкім жоқ екенін түсіндім. 7. Менің 
біреуден ілгері болайын деген бөтен ойым жоқ болатын. 8. Әбу Насыр әл-Фарабидің 
150-ден астам еңбектері бар. 9. Баласының үйден тысқары жүргеніне де біраз 
жылдың жүзі болыпты. 10. Оқудан тыс уақытында спорт секциясына барып жүретін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет