Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет130/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

қажетті сөздер:
үндемей қалды, күнде, тату, араласпай қойды, адасып қалдық, 
қателескен, құрдас.
Жауабы: 
1. Ағамның айрандай ұйыған (тату) отбасы бар еді. 2. Мағжан кабинетке 
кіргенде, іштегілер су сепкендей басылды (үндемей қалды). 3. Әпкем әкеме 
қатты ренжіп, ат ізін салмай қойды (араласпай қойды). 4. Тұрпат фирмасының 
өкілдері келісімшартқа қол қойғанша, күн құрғатпай (күнде) келіп жүрді. 5. Ағат 
кеткен (қателескен) жеріміз болса өзімізге айтыңыз. 6. Менің екінші баламмен 
түйдей жасты (құрдас) екенсің. 7. Алдымызда келе жатқан топтан көз жазып 
қалдық (адасып қалдық). 
Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар
1-жаттығу
Тиісті қосымшалармен сөз жасаңыз.
Образуйте слова, присоединив нужные аффиксы.
1. Абайдың кейін жинақталған өлеңдері бас...ға өткізілді. 2. Өн... өтімді болу 
үшін тұтыну... көңілінен шығу қажет. 3. Семинарға қатысушылардың тіз...і 
жасалды. 4. Іс алдыға жылжу үшін әріптестер арасында сен... болуы керек. 5. 
Фестивальдың жоғары дәрежеде өтуіне жастар ұйт... болды. 6. Жақсы жазылған 
эссе авторына бір сұра... , бір тіле... айтылады. 7. Баласын көптен көрмеген ана 
сағыны...ын жасыра алмады. 
Жауабы:
1. Абайдың кейін жинақталған өлеңдері баспаға өткізілді. 2. Өнім өтімді болу 
үшін тұтынушы көңілінен шығу қажет. 3. Семинарға қатысушылардың тізімі 
жасалды. 4. Іс алдыға жылжу үшін әріптестер арасында сенім болуы керек. 
5. Фестивальдың жоғары дәрежеде өтуіне жастар ұйтқы болды. 6. Жақсы 
жазылған эссе авторына бір сұрақ, бір тілек айтылады. 7. Баласын көптен 
көрмеген ана сағынышын жасыра алмады.
Көмекші есімдер. Көмекші есімдердің септелуі
1-жаттығу 
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужные слова.
1. Біздің кеңсенің ... үлкен сауда орталығы орналасқан. 2. Отандық 
кәсіпкерлердің ... жарнама берушілер көп болды. 3. Мамандардың барлығы 
зауыттың ... жиналды. 4. Мәдениет үйінің ... қайырымдылық акциясы өткізіліп 
жатыр. 5. Кинотеатрдың ... күрделі жөндеу жасалды. 6. Кабинеттің ... басқа 
бөлімнің қызметкерлері де отыр екен. 7. Шеруге шыққандар орталық көшенің ... 
жүрді. 8. Университет ... темекі тартуға тыйым салынды.


207


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет