Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет149/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   162
2-диалог
– Хайуанаттар бағында бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай қандай іс-
шаралар өтеді?
– 5 маусымда, яғни қоршаған ортаны қорғау күнінде, ата-аналар мен балаларға
саябақты тамашалаушыларға арналған мерекелік кездесу өткізіледі. Түрлі танымдық 
байқаулар, ойындар ұйымдастырылады.
– Жаз айларында балаларға қандай жеңілдіктер бар?
– Бес жасқа дейінгі балаларға баққа кіру тегін, бес-он екі жастағыларға жүз теңге, он 
үш жастан жоғары – төрт жүз теңге.
– Қандай хайуанаттар бар?
– Зообақта 475 түрлі, жалпы саны 5 мыңдай хайуанат бар. Әсіресе, сақалтай, тазқара, 
су бүркіті, дала бүркіті, қаршыға қырғи сияқты жыртқыш құстармен әлемге танымал. 
Қазақстанда тіршілік ететін құлан, арқар, қабылан сынды хайуанаттар да бар. Бұлардың 
көбі Қызыл Кітапқа енген.
3-диалог
Жарас аға, мына жарнаманы көрдіңіз бе? Газеттің әдеби сын бөліміне шақырады. 
– Қандай талаптары бар екен? 
– Үміткердің жоғары білімі, үш жыл басшылық қызметте жұмыс тәжірибесі болу керек.
Менің жоғары білімім, педагогикалық тәжірибем бар. Бірақ басшылық қызметте 
тәжірибем жоқ.
– Әрі компьютерлік білімі болуы керек екен. Сіз компьютерді жақсы меңгергенсіз. Әрі 
ұйымдастыру қабілетіңіз де жоғары. Мемлекеттік тілді жақсы білесіз. Түйіндемеңізді 
тапсырып көрсеңізші!
Кеңесіңе рақмет, Тоғжан!
4-диалог
– Райхан, мынау «подснежник» пе, қарашы?
– Иә, мұны қазақша «бәйшешек» дейді. Бәйшешек – қазақтың жаңа жылында гүлдейтін 
гүлдердің бірі. Хош иісі мұрын жаратын бәйшешекті жазда таппайсың. Ол тек көктемде 
ғана шығады. Қазіргі уақытта бәйшешектің біраз түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілген. 
5


230
Жылда қар еріп, күн жылына бастағанда дала алуан түске боялады. Біз бәйшешек пен 
жауқазын тереміз. 
– Жауқазын деген қандай гүл?
– Жауқазын наурыз айында шығады. Ол сары және қызыл түсті болады. Жауқазынның 
да көптеген түрлері қорғауға мұқтаж. Ол, әсіресе, Тянь-Шань беткейінде көп өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет