Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет150/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   162
5-диалог
– Елена, сізді ел ақын ретінде таныған. Әнші болуыңызға не себеп болды?
– Мен бала күнімнен ән салғанмын. «Есіңе мені алғайсың», «Көздеріңе ғашықпын», 
«Сыр елі» сияқты әндерімді сахнада алғаш орындаған өзім болатынмын. 1993 жылы 
Алматыда жас композиторлардың «Үкілі үміт» байқауында өз әндерімді орындап, лауреат 
атандым.
– Әсерлі әндер жазасыз. Бірер әніңіздің жазылуы туралы айтсаңыз.
– Әндерімнің бәрі – өзімнің тағдырым. Мен де адам баласымын. Біреуді жақсы көрем, 
ғашық болам. Ең бастысы, елім мен жерімді, Отанымды қатты сүйемін. Бір әнімнің 
жазылу тарихын айтып берейін. Студент шағымда, 1990 жылы жазғы демалыс кезінде 
Мұқағалидың, Жұмекеннің, Фаризаның, Төлегеннің кітаптарын қолымнан тастамай
жаттап жүретін едім. Бірде Мұқағалидың кітабынан «Нұр жауып тұрған көктемде» деп 
басталатын өлеңі көзіме түсті. Бұған дейін талай рет оқыған өлең қатты әсер етті. 
Домбырамды қолыма алып, ән қылып айта бастадым. Бірнеше минут ішінде осылай ән 
туды. Бұл – Мұқағали өлеңдерінің құдіреті. Егер өлең соншалықты әсерлі болмаса, мен 
ондай ән жаза алмас едім.
«Жұлдыздар отбасы» журналынан
6-диалог
– Жеміс-жидектерде болатын дәрумендер туралы айтып беріңізші! Оларды қалай 
пайдаланған жөн?
– Жалпы барлық көкөністер мен жеміс-жидектерде түрлі дәрумендер болатыны белгілі. 
Жеміс-жидектерді қабығымен, шикі күйінде жеу керек. Жемістің қабығында дәрумендер 
көп болады. Күнделікті тұрмыста жеміс-жидек, көкөністерді жуып жеу керек. Себебі жеміс-
жидектерде түрлі зиянкестерге, микробтарға қарсы себілген улы химикаттар болады. 
Ал шіріген жеміс-жидектерді мүлдем жеуге болмайды. Бұзылған кез келген бақша 
дақылының бойында митоксин деп аталатын улы зат түзіледі. Ол жемістің шіріген жерін 
алып тастағанмен, жойылмайды. Ол бауыр мен жүректі зақымдап, қатерлі ісік ауруына 
себеп болады.
– Құрамында дәрумендер болумен қатар, жеміс-жидектердің емдік қасиеттері де бар 
ма?
– Әрине! Мысалы, жүзімнің шырынын жинап, күніне бір шай қасықпен үш рет ішсе
бауырды жазады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр ауруын емдеп, қан қысымын төмендетеді. 
Буынға суық тигенде, қара жүзімді жиі жеген жөн. Жүзімнің қатерлі ісіктен қорғау қасиеті 
бар, сонымен бірге қан азаю сырқатын да емдейді.
– Жылдың барлық мезгілінде қолданатын сәбіздің қандай қасиеттері бар? 
– Сәбіз тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауруды жояды.
Ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Сәбіздің шырыны 
жүрек ауруына ем.
– Қазір көктем мезгілі. Қалай тамақтанған дұрыс?
– Әрбір төрт сағат сайын тамақтанып, ұйқыға жатар алдында жеміс жидек жеген жөн. 
– Кеңесіңізге рақмет!
«Парасат» журналынан


231


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет