Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет151/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

қОС
ым
ША
л
АР
1-мәтін
Би – дау-жанжалға билік айтушы адам. Би халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жақсы 
білген. Сөз таласында шешендігімен, даулы істі қарауда тапқырлығымен дараланатын 
ел ішінде белгілі жан болған.
Билер билік шығару, ол биліктердің орындалу әдістерін белгілеуде тең құқықтарын 
пайдаланған. Олар Кіші, Орта және Ішкі Ордалар хандарының кеңес құрамына кіріп, 
хандар саясатына елеулі ықпал жасаған. Ел ішінде «Билер соты» деген кеңес өкіметінің 
алғашқы жылдарына дейін болды.
Қазақтың тұңғыш биі атанған Майқы би – ұлттық шешендік өнеріміздің атасы. 
Халқымыздың аңыз-әңгімелері бойынша Майқы би әділ бітім айтып, шешім шығарған 
парасатты, ақылды би болған. Майқы – халқына адал болып, бейбіт өмірді жақтаған 
адам. «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» деген халық даналығы осыдан 
шыққан. Ел аузында Семей жеріндегі Шыңғыстауда Шыңғыс ханды ақ киізге көтеріп хан 
сайлағанда Майқы би батасын берген деген аңыз да бар. Ел мүддесі, мемлекеттік бірлік 
пен береке туралы Майқы би өз толғамдарымен ұрпаққа өшпес өсиет сөз қалдырды. 
Майқы би айтқан ой талай-талай ғасырлардан бері қазақ халқының, түркі жұртының 
дәстүрлі қағидасы, аталы сөзі болып келеді.
Майқы биді өзбек, татар, башқұрт халықтары да өз биіміз деп есептейді. Бұған Майқы 
бимен бір атадан тараған Қойылдыр, Мекре есімді туыстарының осы халықтардың 
арасына барып, сіңісіп кетуімен себеп болса керек.
2-мәтін
Түркі жұртының тарихынан хабар беретін көне жазба – Бехистун жазбасы. Жарты 
әлемді билеген сақ ханшайымы, қолбасшысы Тұмар (Томирис) ханымнан жеңілген Кир 
патшаның кегін қайтару үшін Дари патша (біздің заманымызға дейінгі 522-486 жылдар) 
700 мың әскер жиып, Ұлы далаға аттанады. Жолында тұрғанның бәрін жапырып өтіп, 
Дари патша бұл жорықта жеңіске жетеді. Бірақ Ұлы далаға ішкерілеп енуге қорқады. 
Сақтардың жеңілген тайпасының көсемін байлап-матап өзімен бірге алып кейін шегінеді. 
Жол-жөнекей Бехистун құзының маңына демалады. Бехистун жартасы қазіргі Иран 
жерінде орналасқан. Жартас жерден 152 метр биіктікте тұр. Дари патша ұсталарына 
осы жартасқа Ахманидтер әулетінің жеңістері, оның жаулап алған жерлері туралы тасқа 
қашап жазуды бұйырады. Тұтқынға түскен патшалардың да суреттерін салдыртады. 
Оның ішінде парсы патшасы Даридің алдында аяқ-қолы байланып, мойындарына тұзақ 
салынған 9 патша және тайпа көсемдері бар. Өзінен жеңілген оныншы патша ретінде 
сақ көсемі Скунханның да суретін салдырған. Жартастағы бұл жазу әлемге «Бехистун 
жазбасы» деген атпен танымал болған. Жазу көне парсы, элам және вавилон тілдерінде 
жазылған. Ол 414 сөйлемнен тұрады. 
Бехистун жазбасын ХІХ ғасырда ағылшын ғалымы Г.К. Роулинсоно оқып, әлемге 
танытқан. Бұл жазба Азия тарихынан кең мағлұмат беретін көне дерек көзі болып 
табылатындығымен құнды.


232


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет