Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет153/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   162
қОС
ым
ША
л
АР
5-диалог
Марат Жыланбаев –1990-1994 жылдары дүниежүзін 365 күнде жүгіріп өтіп, Гиннестің 
рекордтар кітабына енген жүйрік.
– Марат, сіз жасаған рекордты әлемде ешбір желаяқ* қайталаған емес. Қалай желаяқ 
болдыңыз?
– 1981 жылы облыс арасында 20 шақырымға жүгіріп, бірінші келдім. 1987 жылы 
«Марафон» деген клуб аштым. Клуб Кеңестер Одағы бойынша ең күшті он клубтың 
қатарына кірді. Содан кейін арнайы бағдарлама жасап, жүгіруге кірістім.
– Жеке бапкеріңіз болды ма?
– Бапкерім – ресейлік Федор Склокин. Қарақұмды айтпағанның өзінде, Сахара мен 
Невада шөлін кесіп өтемін деген жоспарыма ешкім сенген жоқ.
– Ең қиыны қай шөл болды?
– Невадада қиын болды. Онда «Өлім мекені» деген жер бар. Онда екі рет құлап, 
орнымнан тұра алмай қалдым. 
– Шөл далаларда қанша күн болдыңыз?
– Қарақұмды 20 күнде, «өлім мекені» шөлін 17 күнде жүгіріп өттім.
– Олар сіздің қазақ екеніңізді біле ме?
– Көп жерде түріме қарап, моңғол деп ойлады. Шыңғысхан деп ат қойды. Оларға 
Қазақстанның туын көрсетіп, қазақпын деп танысам.
– Отбасыңыз бар ғой?
– Бар. Әйелімнң есімі – Ақмарал. Бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отырмыз.
6-диалог
1 сәуір – күлкі күні. Осы күні Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевпен 
сұхбаттасқан едік. «Батыр аңғал келеді» дейді халық. Бұл сөздің растығын боксшымен 
болған сұхбат нақты дәлелдеп бергендей болды.
– Сәлеметсіз бе? Бұл Бақыт Сәрсекбаев па екен?
– Иә, мен Бақытпын.
– Сізді мазалап тұрған Қазақ тілі қоғамдық қорынан Жадыра деген қарындасыңыз. 
Біз жақында «Ана тілім – ардағым» атты акция аясында концерт қоймақшы едік. Соған 
сізді арнайы шақырмақпыз.
– Рақмет!
– Білесіз бе, сіз «Екі жұлдызда» тамаша өнер көрсетіп жүрсіз, даусыңыз жақсы екен.
– Ой, сіз де айтасыз-ау! Рақмет, барымызды салып жатырмыз. 
– «Екі жұлдызға» қатысып жүрген ерекше жұп ретінде концертте де өнер көрсетсеңіз 
деп едік. Мәдина келісті, сізді де «қарсы болмайды» деп еді.
– Ой, білесіз бе, мен «Екі жұлдыз» тележобасына әрең қатысып жүрмін. Бастапқыда 
сөз беріп қойған соң амал жоқ. 
– Бұл акцияның да қазақ үшн маңызы зор.
– Сонда қай жерде болады?
– Алдын ала студияда дайындаласыздар. Келесі аптада болады.
– Қазір жұмысым Астанада. Қолым тимейді.
– Оқасы жоқ. Біз де сізбен қалжыңдасып отыр едік. «Ақ желкен» журналынанбыз. 
– Онда мен журналға сұхбат беруім керек пе?
– Сіз қазір сұхбат беріп тұрсыз.
– А-а-а... сіз мені алдап тұр екенсіз ғой. 
«Ақ желкен» журналынан


234
1-мәтін
Киіз үй – қазақтың баспанасы. Мал баққан көшпелі халықтар қысы-жазы киіз үйде 
отыратын болған. Ол тез тігіп, тез жығуға ыңғайлы. Сонымен бірге оның ауасы таза
салқын болады.
Киіз үй ағашының уақ-ірілігіне қарай төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат, он 
сегіз қанат болып бөлінеді. Ал салтанатына қарай «ақ орда», «ақ отау», «қараша үй», 
«жолым үй» сияқты түрлері бар. Оның сүйегі «қазақ» және «қалмақ» үлгісімен екі түрде 
жасалады.
Киіз үйдің сүйегі дегеніміз – оның ағаштан жасалған бөлшектері. Оларт – кереге, уық, 
шаңырақ, сықырлауық. Киіз үйдің сүйегі арнайы дайындалған ағаштан жасалады. Кереге 
– киіз үйдің шеңбер қабырғасын құрайды. Кереге жасау үшін шыбық талды кептіріп, оны 
қоламтаға (жанған оттан қалған ыстық күл) төсеп балқытып, арнаулы үлгімен қатырады. 
Ол тор көз етіп жасалады. 
Уық – шаңырақ пен керегені байланыстыратын бөлшек. Уық та керегеге ұқсас әдіспен 
дайындалады. 
Шаңырақ – киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлшегі. Қазақ ұл-қызына 
бата бергенде, «Шаңырағың биік болсын!» деуі осыдан шыққан. Жалпы, қазақ шаңырақты 
қасиетті санаған. Бата-тілек бергенде, «Шаңырағың шайқалмасын!» деп жатады.
Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін киіз үйдің бөлшегі – босаға. Жаңа қосылған 
жас жұбайларға үлкендердің «Босағаң берік болсын» немесе балаларға «босағаны 
керме, бақытсыздық орнайды» деуінде үлкен мән бар.
Киіз үйдің сыртқы бөліктері киізден жасалады. Олар – туырлық, үзік, түндік, іргелік. 
Бұлар күн сәулесі мен су өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Олар пісірілген ақ 
киізден пішіп, ою-өрнекті жіппен жиектеу, ою бастыру арқылы тігіледі. Киіз үйдің іші алуан 
түрлі ою-өрнекті бау, басқұрлармен әшекейленеді.
Киіз үйді сәулеттендіріп жасау – халық шеберлерінің ғана қолынан келетін үлкен өнер.
2-мәтін
Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақтың әлемге әйгілі балуаны, классикалық күрестің 
асқан шебері. Оның балуан ретінде алғаш танылуы О.Масляков деген орыс саудагерінің 
үйінде жалшылықта жүрген кезінен басталады. Бірде боранды күні шөп алып келе 
жатқанда, шанасы қарға тіреліп тұрып қалады. Атына көмектеспек болады. Шананың 
артынан бар күшімен итеріп қалғанда, шана жылжып кетіп, ат астында қалып өледі. 
Басқа амалы қалмаған ол атты шөптің үстіне тастап, шананы қалаға сүйреп әкеледі. Бұл 
қала тұрғындарына аңыз болып тарайды. 
Қажымұқанның балуандық жолы – Омбы қаласында өткен балуандар чемпионатында 
Иван Злобинмен кездесуінен басталады. Ол – орыстың атақты, тәжірибелі балуаны. 
Бұдан кейін Қажымұқан Петербургтегі бүкіл Ресейге танымал Иван Лебедевтің балуандар 
мектебінде тәрбиеленеді. Осында цирк ойындарын көрсетуге машықтанады.
1908 жылы күрестен әлем чемпионы Георг Лурихтің ұйымдастыруымен Ресейдің ірі 
қалаларында өткен чемпионаттарға қатысады. Бұдан кейін ол Оңтүстік Американың 
қалаларын аралайды. Варшавада өткен дүниежүзілік чемпионатта кіші алтын медальмен 
марапатталады. Түрік еліне барған сапарында түрік елі оның күшіне риза болып, оған 
«Қажы» деген атақ береді. Бұрын оның азан шақырып қойған аты Мұқан болса, енді ол 
Қажы Мұқан аталады. Балуанның осы аты бүкіл өміріне қалады.
1913 жылы Троицк қаласында халықаралық ең ірі чемпионат өтеді. Қажымұқан осы 
чемпионатта он сегіз балуанмен күресіп, соның бәрін де жығады.
Қажымұқан барлығы 48 алтын, күміс, қола медальмен, «Құрмет белгісі» орденімен 
марапатталған. Оған 1937 жылы Орынборда өткен ең ірі чемпионатта бірінші орын 
алуына орай Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қазақ даласының батыры» деген 
атақ берген.


235


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет