Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет59/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

70
71
72
Мекен үстеулер
Мекен үстеулер іс-əрекеттің жүзеге асатын орнын не бағытын білдіреді. 
Сұрақтары: қайда? қай жерде? қайдан? қай жерден? қалай қарай? Мысалы: ілгері, 
төмен, жоғары, кейін, т.б.. Ол демалысқа кейін шығады. Олар амал жоқ төмен түсті.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қызметкерлердің көпшілігі ... отырған болуы керек.
А) осында
В) ілгеріде
С) тысқары 
D) одан-бұдан
1) осында сөзі сөйлемдегі ой 
желісіне сəйкес, отырған сөзімен 
тіркесе алады; 
2) ілгеріде сөзі сөйлем 
мазмұнымен үйлеспейді;
3) тысқары сөзі сөйлем 
мазмұнымен сəйкес келмейді;
4) одан-бұдан сөзі отырған 
сөзімен тіркесе алмайды. 


85
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
♦ Көп нүктенің орнына мекендік ұғымды білдіретін сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте слово со значением месторасположения. 
Асқар бүгін ... досын кездестірді.
А) кейін
В) оқта-текте
С) соңында
D) жол-жөнекей
1) кейін сөзі сөйлем мазмұнына сай емес; 
2) оқта-текте сөзі сөйлем мағынасына үйлеспейді;
3) соңында сөзі бүгін сөзімен тіркесе алмайды; 
4) жол-жөнекей сөзі сөйлем мазмұнына сəйкес келеді. 
♦ Мекендік ұғымды білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово со значением месторасположения.
А) Демалыс күнін балалар қызықты өткізді.
В) Балалар екі топқа бөлініп, қашар доп ойнады.
С) Содан соң жаяулар жарысын ұйымдастырды.
D) Балалар жол-жөнекей қуыспақ ойнап қайтты.
1) сөйлемде мекендік ұғымды білдіретін сөз жоқ; 
2) сөйлемде іс-əрекеттің өтіп жатқан орны туралы мəлімет жоқ;
3) сөйлемдегі ақпаратта қимылдың уақыты айтылған, мекендік ұғым көрсетілмеген;
4) сөйлемде іс-əрекеттің орны көрсетілген, жол-жөнекей сөзі мекендік ұғымды 
білдіреді.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Оның мансабы ... көтеріліпті
А) төмен
В) астына
С) жоғары
D) қасына
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Мəжілісте орынбасары бастығынан сəл ... отыр екен.
А) қасында 
В) жанында 
С) төменірек
D) жоғарыдан
Көп нүктенің орнына мекендік ұғымды білдіретін сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте слово со значением месторасположения.
Бақыт інісін таппаған соң, ... кетті.
А) кері
В) бұрын
С) кешке
D) əлдеқашан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет