Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет62/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
80
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Өзі ана болғанға ... анасын түсінбеген екен.
А) салым
В) дейін
С) қарсы
D) астам
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Бақыт ойланып қалды да кабинетіне ... бет алды.
А) тарта
В) салым
С) қарай
D) қарсы
Бағытты білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со значением направления.
А) Алматыға дейін ұшақпен жетті. 
В) Тараз - бұрыннан келе жатқан көне қала.
С) Қалаға таман орналасқан елді мекендерде тарихи ескерткіштер көп.
D) Тарихи қалаларды - Таразбен қатар Түркістан қаласын да көргім келеді.
81
82
Шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік шылаулар
Септеуліктер дегеніміз - өздері тіркесетін сөздерге əрқилы грамматикалық 
мағыналарды үстеп, белгілі бір септік жалғауымен тіркесетін көмекші сөздер.
Септік
Мысалдар
Шығыс септігі
кейін, соң, бері, бұрын, қарай, бетер, 
гөрі, əрі, басқа, бөлек, астам, артық, 
өзгеше, ілгері, шет, тыс, асыра, тысқары 
жəне т.б.
Кейін септеулігі зат есімге, мезгіл атауларына, есімдіктерге, қимыл атауына, -ған/-
ген тұлғалы есімшелерге тіркесіп, белгілі бір фактінің соңынан болатын мекендік я 
мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмет етеді жəне соң, артынан сөздерімен мағыналас 
болып келеді. Мысалы: Жаңбырдан кейін қар жауа бастады. Осыдан кейін жаман 
ойламайтын шығар. Үйіңе жеткеннен кейін хабарлас.
Соң септеулігі қолданылу ыңғайына қарай бірде мезгілдік қатынасты білдірсе
бірде себептік мағынада қолданылады. Мысалы: Осы аптадан соң демалыс 
басталады. Ол шетелден келгеннен соң, өз ісін бастап жіберді. 
Бері септеулігі негізінде мезгілдік шектің басталуына, кейде тұтас қамтылуына 
байланысты ұғымды білдіреді де, көбінесе мезгіл атауларына, есімдіктерге жəне
-ған/-ген тұлғалы есімшелерге тіркесіп, уақыттың я мерзімнің басталу шегін аңғартады. 
Мысалы: Сол уақыттан бері бұл əңгіме қозғалмаған еді. Бұл мекемеде бір жылдан 
бері басшы қызметін атқарған еді. 
Бұрын септеулігі белгілі бір амалдың я жағдайдың басқа бір амалдың я оқиғаның 
алдын ала болатынын білдіреді. Мысалы: Мерзімінен бұрын жоспарды өткізіп келді. 
Алтыдан бұрын келіп алды. 
Бетер септеулігі белгілі бір іс-əрекеттің бұрын істелген іс-əрекеттен анағұрлым 
күшті болатынын білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: Оның қызы өзінен бетер пысық 
болып өскен. Өзі жас қыздан бетер əдеміленіп кеткен.


90
83
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Кадр бөліміне сағат екіден ... келіңіз.
А) гөрі 
В) кейін
С) бетер 
D) қарай
1) гөрі сөзі салыстыру мəнінде жұмсалады, келіңіз сөзімен тіркеспейді;
2) кейін сөзі істің орындалу мерзімінен соңғы жағдайды нақтылайды, шығыс септікті 
сөзбен тіркеседі;
3) бетер сөзі екіден сөзімен тіркес түзе алмайды, мағыналық жақтан үйлеспейді;
4) қарай сөзі барыс септігіндегі сөзбен тіркеседі, сондықтан шығыс септігіндегі 
сөзден (екіден) кейін қолданылмайды.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қонақтар астан ... бата қайырды.
А) кейін
В) бері
С) шейін
D) арқылы 
1) кейін сөзі шығыс септік тұлғалы сөзбен (астан) тіркесіп, істің орындалуының 
мезгілін білдіріп тұр;
2) бері сөзі - істің басталу шегін білдіретін септеулік, ал сөйлем өткен шақта тұр;
3) шейін сөзі - барыс септікті сөздермен тіркесіп, мезгіл-мекен мағынасын білдіретін 
септеулік;
4) арқылы сөзі - атау септігіндегі сөздермен тіркесетін септеулік, шығыс септігіндегі 
сөзбен байланыспайды. 
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қазақстанда 2011 жылы маусымда 56 мыңнан ... жеңіл автокөлік тіркелді. 
А) бірге
В) бетер
С) астам 
D) салым
1) бірге сөзі - көмектес септігіндегі сөздермен тіркесетін септеулік, шығыс септігіндегі 
сөзбен тіркесе алмайды;
2) бетер сөзі іс-əрекеттің бұрын істелген іс-əрекеттен неғұрлым күшті болғанын 
көрсетеді, сөйлем мазмұнына үйлеспейді;
3) астам сөзі шығыс септігіндегі сөзбен тіркесе алады, сөйлем мазмұнына сəйкес 
келеді;
4) салым сөзі - барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік, шығыс септігіндегі 
сөзбен байланыспайды.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Оқушылар сабақтан ... мəдени-танымдық саяхатқа барады.
А) кейін
В) дейін
С) шейін
D) сайын


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет