Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет58/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

65
66
68
67


83
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Ауыспалы келер шақ
Етістіктің келер шағы алдағы уақытта болатын іс-əрекетті білдіреді. Етістіктің 
ауыспалы келер шақ түрі -атын/-етін, -йтын/-йтін тұлғалы есімше мен көмекші 
сөздердің тіркесуінен жасалады. Қайтатын сияқты, баратын білем, келісетін тəрізді, 
істейтін шығар деген тіркестер іс-əрекеттің болашақта жүзеге асуының күмəнді екенін 
көрсетеді. Мысалы: Құрбыммен кеңесетін шығармын. Ал баратын болды, жасайтын 
болып отыр деген тіркестер қимылдың келешекте айғақты түрде жүзеге асатынын 
білдіреді: Айгүл апам қыздың жасауын өзі дайындайтын болып отыр.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. 
Вместо многоточия вставьте нужное слово. 
Бүгін кешке «Дударай» бағдарламасын ... едім.
A) көрдім
B) естігем 
C) көретін
D) тыңдағам
1) көрдім сөзі едім етістігімен тіркеспейді; 
2) естігем сөзі едім етістігімен тіркесе алмайды;
3) көретін сөзі едім етістігімен тіркесе алады, əрі сөйлем мазмұнына сəйкес келеді;
4) тыңдағам сөзі сөйлемді аяқтайды, сол себепті едім етістігімен тіркес түзе 
алмайды.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Біз отандық тауарларды ... .
A) тұтынатын едік 
B) қолданатын болсақ
C) өндіретін тəрізді
D) пайдаланатын шығар
1) сөйлемдегі біз сөзі етістіктің І жақта көпше түрде болуын қажет етеді, тұтынатын 
едік тіркесі сөйлем мазмұнына да сəйкес келеді; 
2) қолданатын болсақ тіркесі - тиянақсыз, сондықтан сөйлемді аяқтай алмайды;
3) біз есімдігі І жақ, көпше түрдегі етістікті қажет етеді, ал өндіретін тəрізді тіркесі ІІІ 
жақта тұр (олар);
4) ІІІ жақтағы пайдаланатын шығар тіркесі І жақтағы біз сөзімен тіркесе алмайды.
♦ Іс-əрекеттің болашақта жүзеге асу-аспауы күмəнді екенін білдіретін сөйлемді 
табыңыз.
Укажите предложение, в котором выражено сомнение в осуществимости действия в 
дальнейшем. 
А) Айдар жаңа жұмысқа тұрғалы біраз уақыт болды.
В) Гүлсім жаңа зауытқа жұмысқа тұрғысы келеді.
С) Жаңадан ашылған зауытта бос жұмыс орындары бар.
D) Мұрат інісі екеуі де осы зауытқа жұмысқа тұратын болар.
1) сөйлемде айтылған ақпарат нақты да айқын; 
2) сөйлемдегі іс-əрекеттің келешекте іске асуы күмəнсіз;
3) сөйлемде іс-əрекет туралы мəлімет нақты көрсетілген;
4) сөйлемде ақпараттың болашақта іске асуы күмəнді.


84
69
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Жас кезінде мерекелерді отбасында атап өткенді ... .
А) көретін 
В) ренжитін
С) ұнататын
D) қиналатын
Көп нүктенің орнына қажетті тіркесті қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное словосочетание.
Сен оны ... .
А) білетін шығар
В) көретін секілді
С) танитын сияқты
D) танымайтын боларсың
Іс-əрекеттің болашақта жүзеге асу-аспауы күмəнді екенін білдіретін сөйлемді 
табыңыз.
Укажите предложение, в котором выражено сомнение в осуществимости 
действия в дальнейшем.
А) Əкем күнде жұмысқа уақтылы барады.
В) Апам жұмысқа бүгін ерте барыпты.
С) Ол жұмысқа кешікпей баратын болып отыр. 
D) Əрине, жұмысқа кешікпей ертерек барған дұрыс.
Сөйлемді аяқтаңыз.
Закончите предложение.
Мүмкін олар ертең саябаққа ... .
А) жүретін шығар
В) тұратын тəрізді
С) баратын болар
D) болатын сияқты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет