86
76
Мекендік ұғымды білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в
котором есть слово со значением месторасположения.
А) Кешке балалар спортпен айналысады.
В) Үйдің астында, төменде өздері жасаған спорт залы бар.
С) Қолдары бос уақытында балалар спортпен шұғылданады.
D) Ұлдар ауыр атлетикамен, қыздар аэробикамен айналысады.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Біз интернет ... көптеген ақпарат алып отырмыз.
А) үшін
В)
сайын
С) секілді
D) арқылы
1) үшін сөзі сөйлемді мағыналық
жақтан толықтыра алмайды;
2) сайын сөзі сөйлемде айтылған ой желісіне үйлеспейді;
3) секілді сөзі сөйлемде берілген ой ағымына сай емес;
4) арқылы сөзі сөйлемнің мазмұнына сəйкес келеді.
Шылау сөздер. Септеулік шылаулар
Атау септігіндегі сөздермен тіркесетін септеуліктер
Дербес
мағынасы жоқ, белгілі бір сұраққа жауап беріп, өз алдына сөйлем мүшесі
бола алмайтын көмекші сөздерді шылаулар деп атаймыз. Шылаулар мағынасы мен
қызметіне қарай үшке бөлінеді:
1) септеуліктер;
2)
жалғаулықтар;
3) демеуліктер.
Өзінің алдындағы негізгі сөздің белгілі бір септікте тұруын қажет ететін шылаулар
септеуліктер деп аталады. Ілік, табыс жəне жатыс септіктерінен басқа атау, барыс,
шығыс жəне көмектес септіктерінің бірінде тұрған сөздермен тіркеседі. Мысалы: сен
туралы, үйге шейін,
содан соң, сабақпен қатар.
Септеулік
Шылау сөздер
Атау септіктегі сөзбен тіркесетін
септеулік
арқылы, жайында, жөнінде, туралы,
жайлы, үшін, сайын, сияқты, секілді,
тəрізді, сықылды, шамалы,
шақты
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ұста өмір ... айналысқан кəсібінен бірден қол үзіп кете алмады.
А) бойы
В) қатар
С) секілді
D)
туралы
1) бойы сөзі сөйлемге мағыналық жақтан үйлесіп, өмір сөзімен тіркеседі;
2) қатар сөзі сөйлемдегі айтылған ойға сай емес,
өмір сөзімен тіркеспейді;
3) секілді сөзі сөйлем мазмұнына сəйкес келмейді;
4) туралы сөзі айтылған ой желісіне үйлеспейді.