10. «Жақсы сұрақ» Оқушылармен «жақсы» сұрақ ұғымын талқылаңыз. Үдеріс ашық және жабық сұрақтардың арасындағы айырмашылықтарды анық түсінуге мүмкіндік береді. Одан кейін олар тақырып бойынша сұрақтар қоя алады және олардың қайсысы жақсы болғанын шешіп, одан кейін сұрақтардың жауаптарын талқылауға ауысады.
Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы айтылым дағдысын дамыту технологиясы сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:
— мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;
— білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
— жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды іздене отырып, белсене орындауға;
— білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;
— құр мәлімет ғана емес, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;
— рухани және әлеуметтік жағынан өздерін-өздері дамытып, тәрбиелеуге.
Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері арқылы айтылым дағдысын дамыту жаттығуларын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
Сенімділікке тәрбиелеу.
Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.
Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Сонымен, аталған стратегияларды пайдалана отырып көп жетістіктерге жетуге болады. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір — бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастайды. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастайды.
Барлық жұмыс түрлері тілдік материалмен салаларды тізбектеп оқыта берумен емес, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұраптап ала білумен, сөйлеу материалды танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу әрекетінде тиімді пайдалана білумен де ерекшеленеді. Біріншіден, оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді жақсы меңгерген, яғни айтылым дағдылары жоғары. Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жоғары. Күнделікті жұптап, топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылар берілген тақырыпқа, соның ішінде бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап беру дағдылары даму үстінде.
Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен «жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек».
Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына сенімдімін.
Қорыта айтқанда, аталған әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін, айтылым дағдыларын дамытуға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Әр сабағымның оқушы көңілінен шығатындай мазмұнды, жүйелі болуы – әдіс-тәсілдердің тиімділгінде деп ойлаймын.
Әдебиеттер тізімі:
«Сабақты тиімді жоспарлаудағы белсенді әдіс-тәсілдер мен идеялар» Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал
Құрастырушы автор: Ізғали Жоламан Ізғалиұлы Атырау 2018 ж.
Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 ж.
3.Садуова Ж.Н. «Жаңа педагогикалық технологиялар – болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру құралы » Ізденіс.- Алматы, 2007ж.
C.Құрманғалиева «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту» Алматы «Рауан» 1995 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |