Тіл адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш. Ол қоғам тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді
Тіл – адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш. Ол қоғам тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Осы себептерден де сөйлеу процесінде жетілу, тілді дұрыс және шебер де тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде – ақ басталған.
Қазіргі заманғы көптеген жаңа тәсілдер ақпараттық-үдерістік модельге негізделеді. Левелт (1989) төрт үдерісті ұсынады: тұжырымдау (мәтінді жоспарлау), қалыптастыру (мәтін құру), артикуляция (мәтінді айту) және өзін-өзі бақылау (қателерді тауып, өз бетінше түзету). Оқушыны сөйлетудің алуан түрлі мақсаттары бар, айталық, қатысу (араласу) үшін сөйлеу, түсіндіру үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін сөйлеу, бағамдау үшін сөйлеу. Әр мақсат барлық төрт үдерістің болуын көздейді. Алайда әрбір кезеңге жұмсалған уақыт ерекшеленетін болады.
Айтылым оның кімге арналғанына, мақсаты мен мәнмәтінге тығыз байланысты: бір мезгілде көптеген адам ауызша қарым-қатынасқа түсе алады немесе оның барысына ықпал ете алады. Жазылым тіліне қарағанда, айтылым тілінде грамматика толық сақталмайды, шаблонды фразалар мен қайталамалар жиі қолданылады. Соның нәтижесінде тыңдаушылар нашар жазылған мәтінге қарағанда, мардымсыз, сапасы нашар сөзге анағұрлым төзімді қарайды. Принг (2007) мұғалімдер оқыту мен оқытудың барлық аспектілері бойынша оқушының сөйлегенінің маңызын мойындағанын қалайды, өйткені танымдық тұрғыдан қалыптасу барысындағы оқушылар үшін оның қалай жүретінін білген пайдалы.
Соған қарамастан, Дэвис (1996) сыныпта тиімді және нысаналы әңгіме жүргізу мұғалімдерге әдетте қиынға түсіп жататынын анықтады. Басқа дағдылар сияқты, айтылым дағдысына үйрету де жоспарлы түрде жүргізіліп, оған қолдау көрсетіліп, лайықты түрде бағамдалуы керек. [2]
Айтылым дағдысын қалыптастыру дегеніміз – оқушылардың сөз мәдениетін, сөйлеу әдебін қалыптастыру, өз ойын дұрыс, нақты және толық жеткізе білуге машықтандыру болып табылады. Тілді жетік меңгерген және оны орынды қолданатын оқушы кез келген ортада коммуникативтік қатынасқа түсе алады. Сонымен қатар, сабақта алған білімі мен білігін, дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында қолдана алуы тиіс.