Тіл және тілдік қатынас
Тіл – белгілі бір ұлттың өз ойын жеткізуіне көмектесетін барлық сөздердің жиынтығы, олардың дұрыс тіркелуі.
Тіл – индивидтердің (жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасына қызмет етуге жарамды кез келген таңбалар жүйесі.
Тіл – адамзат ұжымы мүшелерінің негізгі әрі маңызды қарым-қатынас құралы саналатын семиологиялық жүйенің ерекше бір түрі, сондай-ақ бұл жүйе адамзаттың ойлауын дамытатын, тарихи-мәдени дәстүрлерін және т.б. ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін құрал.
Тіл – дыбыстық, сөздік, грамматикалық құралдардың тарихи қалыптасқан жүйесі, ол ойлау жұмысын шындыққа айналдырушы және қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас жасау, ой алмасы, өзара түсінісу құралы.
Тіл – ұсақ фрагменттер (үзіктер) мен мағыналы ойды жеткізуде қолданудың тәсілерін реттейтін ережелер жиынтығынан тұратын қарым-қатынас жүйесі. Адамзат тілі ауызша немесе жазбаша түрде пайдаланылатын сөздерден тұрады.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды тоғыстыратын ой: тіл – бұл қарым-қатынас құралы, ойды жеткізу құралы. Осылайша тіл коммуникацияға қызмет етеді. Ал коммуникация – қарым-қатынас актісі, бір не одан да көп тұлғаның арасындағы өзара түсіністікке негізделген байланыс; бір тұлғаның екінші бір тұлғаға немесе бірнеше тұлғаға ақпаратты хабарлауы. Демек, тіл – ұжымның қоғамдық санасын, дәстүрін, мәдениетін сақтап, жеткізу арқылы адамдар тобынан этносты, ұлтты қалыптастыратын қуатты қоғамдық қару.
Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Тілдік қатынасты ғылыми түрде зерделеген ғалым Ф.Ш.Оразбаева: «Тілдік катынастың негізі мазмұны, мән мағынасы болып табылатын – хабарды ic жүзіне асырушылар, хабарға тікелей қатысушылар», дей келіп, оның мынадай құрамнан тұратынын көрсетеді:
Белгілі 6ip ақпаратты, деректі хабарлайтын – Баяншы.
Ақпаратты жеткізетін – Тұлғалар.
Ақпаратты не деректі – Қабылдаушы.
Баяншы – сыртқы объективті әсерді өмірді сезін уден, пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың, тұлғалардың көмегімен екінші 6ipeyгe баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы, тілдік қарым-қатынаска түсуші.
Тұлғалар – хабарлаушыдан шыққан дерек туралы баска адамның санасында ұғым тудыратын, оган ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы қарым-қатынаска байланысты ретінде қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер.
Қабылдаушы – белгілі бip хабарды қабылдап алып, оның мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасына өткізіп ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары карай іске асырушы.
Баяншыға да, қабылдаушыға да, бәріне ортақ әрекет – байланыс, қатынас. Ал байланыс, тілдік қатынас тiл арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы өзара байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де жүзеге аспайды.
Тілді зерттеуші галымдар тілдік қатынас кұбылысына байланысты үш кезеңді атап өтеді, олар мыналар:
Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда синтаксистік зандылыктар, грамматикалык единицалардың айтылуы, дыбысталуы ерекше көзге түседі.
Айтылуга тиicтi мазмұнның дұрыс жеткізілуі, айтылар ой мен жеткізетін тілдік кұралдың тепе-теңдігі. Мұнда семантикалық заңдылықтар басым рөл атқарады.
Әңгімелесуші – екінші адамның хабарды дұрыс кабылдауы. Е.И.Пассов осы үш кезеңді баяндай келіп, тілдік катынастьң толық жүзеге асуы үшін ең бастысы – үшінші кезең, алдыңғы екі кезең тілдік қарым-қатынасты icкe асырмайды, 6ipaқ өкінішке орай тілдік қатынаста 6iз осы үшінші кезеңге жете бермейміз, яғни қарым-қатынаста 6ipiншi және екінші кезеңдерде тоқтап қалып қоямыз деп керсетеді.
Әдістемеші ғалым Ф.Ш.Оразбаева тілдік қатынас жоғарыдағы тілші ғалымдардың атап өткенінен баска да бірнеше кезеңнен тұратынын айтады:
Хабардың пайда болуы.Тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу әрекетіне қажетті ең бiрінші фактор – сыртқы дуниенің адам санасына әсер eтyi, сол әсердің нәтижесінде мида ойдың қорытылуы, хабардың пайда болуы.
Хабардың сыртқа шығуы. Санадағы тұжырымдалған пайымдаудың, ойдың, ұғмның, хабардың тіл арқылы, тілдік тұлғалар арқылы айтылуы, яғни сыртқа шығуы. Хабардың сыртқа шығуына айрықша қызмет ететін адамның сөйлеу мүшелері. Дыбыстау мүшелері немесе сөйлеу аппараты тек адамзатқа ғана тән ерекше құбылыс екені осы процестен де көрінеді.
Хабардың жеткізілуі. Айтылуға тиісті хабардың (сөйлем, диалог, монолог) сыртқа шығумен, дыбысталумен ғана шектеліп қоймай, келесі адамға, субъектіге жеткізілуі. Ол ауызша да, жазбаша да болуы мүмкін. Хабар жеткізілмей калып койса, карым-катынас, яғни түciнicy, ұғынысу болмайды. Демек, бұл әрекеттің де өзіндік алатын орны мен маңызы зор.
Хабардың қабылдануы. Сөйлеу әрекетіндегі келесі саты – жеткізілген хабардың қабылдануы. Қабылдау әрекетінде косымша жұмыс атқаратын бірнеше фактор бар (мәселен, есту, көру, оқу, тыңдау, ойлау), 6ipaқ ең бастысы — келген хабарды түсіну, яғни қабылдап алу.
Хабардың жауабы. Тілдік қарым-қатынас болу үшін, хабарды қабылдап алумен ғана шектелу біржакты процесс болып қалады, енді тілдік қатынас жүзеге асу үшін, қабылданған хабарға көңіл аудару, яғни оны сарапқа салу, бағалау, түсіну, сосын жауап қату шарт. Яғни түсіну арқылы оған жауап қайтару қажеттігі туады. Сөйтіп, хабар жаңарып, кeлeci сатыға өтеді, яғни жаңа хабар шығады. Сонымен, хабар жауапқа ие болып, жаңа қарым-қатынасқа жол ашылады. Бұдан шығатын қорытынды: тілдік қатынаста Хабар (Х) маңызды рөл атқарады.
Тілдік қатынас тілдің дыбысталу (естілу) және таңбалану (жазылу) жүйелері арқылы жүзеге асады. Соған орай ауызша және жазбаша тілдік қатынас болып бөлінеді.
Ауызша қатынас – ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы, ол тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге акйналып, дыбысталуы арқасында жүзеге асады.
Жазбаша қатынас тілдік тұлғалардың таңбалық қасиетімен байланысты бола келіп, адамдардың бір-бірімен тікелей қатынаста болуын аса қажет етпейді.
Ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік қатынастардың әрқайсысы жеке құбылыс ретінде өмір сүрмейді. Олар өзара тығыз байланыста бола келіп, біреуі екіншісіне ұласады.
Ойлаусыз тілдік қатынас жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол – бүкіл сөйлеу әрекетімен өмір сүретін адамзаттың болмысы. Ойлау мен сана, тіл мен сөйлеу –бір-бірінен ажырамас жүйелі құбылыстар. Тілдік қатынас ойлау мен сөйлеудің бірлігінен тұрады. Өйткені тіл – ойдың көрінісі, адам ойын тіл арқылы яғни сөйлеу арқылы жеткізеді. Ал тілді қатынастың негізі – тіл. Демек, ойлау мен сөйлеу тіл арқылы қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады.
Тілдік қатынаста өзіндік орны мен маңызы бар қатысымдық тұлғалар қатарына сөз, фразеологиялық тіркестер, сөйлем және мәтін жатады.
Тіл білімі және оның салалары
Тіл білімі немесе лингвистика – тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Оның зерттейтіні, яғни нысаны (объектіс)і – тіл, адамзаттың сөйлеу тілі, дыбыстық тілі. Тіл – адамдар арасындағы пікір алысу, өзара түсінісу құралы. Тіл – қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы.
Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Тілдің осы аталған әртүрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында қарастырылады. Тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы лексикология саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында қарастырылады.
Тіл білімі тілдің әртүрлі жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің әр түрлі жақтары (дыбыс жүйесі мен сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы) бір-бірімен өзара тығыз байланыста болатыны сияқты, тіл білімінің оларды зерттейтін салалары да бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Лингвистикада тіл білімін алдымен жеке тіл білімі, жалпы тіл білімі деп екіге бөледі. Жеке тіл білімі – бір ғана тіл туралы ілім. Ол нақты бір тілдің жүйесін, құрылымын, ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын зерттейді. Жеке немесе туыстас тілдерді зерттейтін ғылым сол тілдердің атымен аталады:қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі, түркология т.б.
Белгілі бір тіл белгілі бір тілмен туыстас, төркіндес, қандас, бауырлас болуы мүмкін. Мәселен, қазақ тілі қырғыз, қарақалпақ, карачай, балқар, ноғай, татар, башқұрт, чуваш, өзбек, түікмен, азербайжан, якут, тува, хакас, алтай, қарайым, гагауз т.б. тілдермен туыстас. Бұл тілдерді лингвистикада түркі тілдері деп атайды. Түркі тілдерінің ерекшеліктерін зерттейтін ғылымды түркология деп атайды.
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың теориялық-методологиялық негізі. Бұл – тілдің жалпы теориясы туралы ғылым.жалпы тіл білімі дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән универсалды мәселелерді қарастырады.
Тілдің құрылымдық және жүйелік қасиеттері. Таңбалық сипаты
Тіл белгілі бір құрылымы және қызметі бар, бір бүтін жүйелі құбылыс ретінде өмір сүреді. Құрылым мен жүйе тілге ғана емес, сонымен қатар басқа да құбылыстарға тән болуы мүмкін.
Құрылымдық қасиет пен жүйелік қасиет тілге де тән. Құрылым мен жүйе ұғымдары тілге қатысты мынадай мазмұнға ие болады: құрылым бүтіннің бойындағы әр тектес элементтердің арақатынасынан және бірлігінен тұрады. Ол элементтер мыналар: а) дыбыс (фонема), ә) морфема, б) сөз, в) сөйлем. Бұл элементтердің арасындағы айырмашылықтар – сапалық айырмашылықтар. Демек, аталған тілдік элементтер бір-бірінен сапасы жағынан ажыратылады. Әрбір элементтің сапасын оның қызметі айқындап белгілейді.
Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Тіл білімінде тілдік таңбаның түрлерін айқындауда таңбаның қызметінің сипаты негізге алынады. Осыған орай тілдік таңбаның типтері деп мыналар алынады:
Дифференциалаушы қызметі басым тілдік таңбалар. Бұлар – фонемалар.
Дифференциалаушы қызметінен теңдестіруші қызметі басым таңбалар. Бұлар – грамматикалық морфемалар, тілдік единицалардың синтаксистік байланыстары мен семантикалық байланыстарының моделдері.
Әрі дифференциалаушы қызметке, әрі жалпылаушы қызметке ие таңбалар (бұлар – толық таңбалар). Бұлар – сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер.
Тіл білімі немесе лингвистика – тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Оның зерттейтіні, яғни нысаны – тіл, адамзаттың сөйлеу тілі, дыбыстық тілі. Тіл – адамдар арасындағы пікір алысу, өзара түсінісу құралы. Тіл – қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір- бірімен қарым-қатынас жасау құралы.
Қазіргі таңда тілдік білім беру мазмұны жаңа талапқа сай қарастырылуда. Тілдік білім негіздері кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілді дағдыларын, атап айтқанда: тайтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға бағытталып меңгертіледі.