27
Қосарлану арқылы грамматикалық мағына туғызатын форма ретінде біз,
әсіресе, қора-қора (қой), мая-мая (шөп) деген сияқты қосарланулар мен үстеме
буын арқылы жасалып, күшейтпелі шырай мағынасын беретін қып-қызыл, сап-
сары деген сияқты қосарлануларды атаймыз. Өйткені, мүндай қосарланулар тек
сын есімдерге тән және олар нағыз грамматикалық мағына беретін формалар.
Оның үстіне олар сын есімдерге күшейту мағынасын жамайды. Ал әке-шеше,
қора-қопсы, тау-тас деген қос сөздерде лексикалық мағына бар. Бұларда сөз
тудыру қызметі басым болса, жоғарғы қосарлануларда форма тудыру қызметі
басым.
Достарыңызбен бөлісу: