34
оқыса игі еді, оқығысы келеді деген формалар әлі іске аспаған,
бірақ іске асуы
мүмкін әрекетті немесе қалау тілек, болжам мағынасыңдағы іс-әрекетті білдіреді.
Ал оқыдым, оқығанмын, оқимын дегендер ақиқат іс-әрекетті білдіреді.
Тіл-тілде райдың түрлері мен саны әр басқа. Орыс тілінде
райдың үш түрі
болса, қазақ тілінде бұйрық рай, қалау рай, шартты рай, ашық рай деген төрт түрі
бар.
Етістіктің 2-жақ бұйрық рай түрі рай категориясының негізі болып саналады,
басқа райлар осы рай формасынан жасалынады. Бұйрық рай,
шартты рай іс-
әрекеттің шартын білдіреді; қалау райы сөйлеушінің іс-әрекетке тілегін,
ниетін
білдіреді. Ал ашық рай
үш жақта, үш шақта айтыла береді.
Достарыңызбен бөлісу: