33
жеке қолданыла алмайды. Оларда (жанама септіктерде) тиянақтық жоқ деуіміз
сондықтан.
Біз септіктер бір сөздің екінші сөзге қатынасын білдіреді дедік. Сол қатынас
кейбір тілдерде септік жалғаулары арқылы берілсе, екінші бір тілдерде (мыс,
болгар тілінде) ол көмекші сөздер (предлогтар) арқылы беріледі (Кейде мұндай
қатынастар септіктері мен көмекші сөздердің бірдей қатысуы арқылы да берілуі
мүмкін). Айталық, агглютинативті тілдерде сөздердің бір-біріне қатынасы (яғни
грамматикалық мағыналары) аффикстер арқылы берілсе, аналитикалық тілдерде
ол
көмекші
сөздер
мен
сөздердің
орын
тәртібі арқылы көріне алады. Сондықган да, агглютинативті тілдерде септіктердің саны
көп, ал аналитикалық тілдерде олардың саны аз болады. Мысалы, аналитикалық
тілдердің бірі - ағылшын тілінде 2 ғана септік болса, агглютинативті тілдердің
катарына жататын эстон тілінде - 14 септік, венгер тілінде - 22 септік бар.
Кейде сөздердің арасындағы қатынастар септік жалғаулары мен көмекші сөздердің
(септеуліктердін, предлогтардың) бірдей қатысуы арқылы да берілуі мүмкін. Оған
славян тілдеріндегі септік жалғаулары мен предлогтардың, түркі тілдеріндегі септік
жалғаулары мен септеуліктердің тіркесіп қолданылуын мысалға келтіруге болады. Мыс: к
дом+у (дат. п.), до дом+а (род.п.), үй+ге дейін т.б.
Достарыңызбен бөлісу: