32
ажырата білу үшін қолданылады. Жекелік пен көптік зат есімдер арқылы және есімдіктер
(әсіресе жіктеу есімдіктері) арқылы анық байқалады. Көптік категориясының әр түрлі
тілдерде өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, көптеген тілдерге жекелік және көптік
мағына тән болса, қазіргі араб тілінде оның екілік (двойственное число) деп аталатын
түрі тағы бар. Орыс тілінде тек көпше түрінде қолданылатын очки, брюки,
ножницы
деген сияқты сөздер казақ тілінде жекеше түрде қолданыла береді. Мысалы: көзілдірік,
шалбар, қайшы.
Орыс тілінде зат есім көпше немесе жекеше түрінде қолданылса, оның алдына
орналасып, грамматикалық жағынан байланысып тұрған сын есім де көпше немесе
жекеше түрінде қолданылады. Мысалы: высокая гора — высокие горы. Ал қазақ тіліңде зат
есімдер мейлі көпше түрде, мейлі жекеше түрде қолданылсын,
оған қарамастан зат
есімдермен тіркескен сын есімдер (анықтауыштар) әрдайым жекеше түрде
жұмсалады. Мысалы: биік тау — биік таулар.
|
Көптік категориясы сан есімдерге де тән емес. Бірақ кейде сан есімдерге,
соның
ішінде есептік сандарға көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: сағат алты+лар+да, жасы
алпыс+тар+да. Мұнда көптік жалғауы көптік мағынаны емес,
болжалдық мағынаны
білдіріп тұр. Бұларды сағат алты шамасында, жасы алпысқа жуық деп түсінеміз. Егер сын
есімдер
көптік формада қолданылса, олар міндетті түрде субстантивтенеді, яғни
заттанады. Мысалы: Жақсы+лар келді, Сұлу+лар жиналды, т.б.
Көптік категориясы тек
қана зат есімдерге ғана емес, сонымен бірге,
есімдіктерге, оның ішінде жіктеу есімдіктеріне де тән категория. Мысалы: Ол—
олар, сен — сендер, өз — өздері, кім — кімдер.
Кейде
етістіктер не жекелік, не көптік мағыналарды білдіре алады екен. Мыс:
барды+м - барды+қ, бара+мын - бара +мыз. Бұл жерде көптік немесе жекелік мағынаны
көптік жалғаулары емес, жіктік жалғаулары білдіріп тұр.
Көптік категориясы әр түрлі тілдерде әр түрлі тәсілдер аркылы беріледі.
Мысалы, араб тілінде ол ішкі флексия аркылы берілсе (кіtab-кітап, kutub- кітаптар),
түркі тілдерінде - арнаулы аффикстер арқылы беріледі. Кейбір тілдерде көптік
категориясы сөздердің қосарлануы арқылы берілсе (мыс: кхмер тілінде пхнэ:к
тхуам большой глаз" - пхнэ:к тхуам-тхуам "большие глаза"),
екінші бір тілдерде
арнаулы сөздер арқылы (тибет тілінде) немесе көмекші арқылы (қытай тілінде)
беріледі.
Белгіленетін заттардың жанды-жансыз болуына қарай, қайсыбір тілдерде көптік
жалғауының формасы да әр түрлі болып келеді. Мысалы, пушту тілінде жанды затқа
көптік жалғаулары -ан түрінде жалғанса (сой — қоян, сой+ан — қояндар),
жансыз
заттарға –уна түрінде жалғанады (қор — үй, қор+уна - үйлер).
Достарыңызбен бөлісу: