35
қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Өйткені сөз тіркесінің құрылымы оның
құрамындағы ұйтқы сөздің қай сөз
табына қатысты болуына қарай айқыңдалады.
Мәселен, басыңқы сөз зат есім болса, ол өзінің алдында тұрған анықтауыш сөздермен,
яғни сын есім, сан есім, есімдік, есімшелермен тіркеседі. Мысалы:
ақылды адам, бес
кітап, бұл бала, барар жол, т.б. Бұл сын есімдер басыңқы сыңар бола алмайды деген сөз
емес. Сын есімдер де басыңқы сыңар бола алады. Бірақ сын есімдер басыңқы сыңар
болғанда өзінің алдындағы есімдердің атау мен іліктен баска септіктердің бірінде
тұруын талап етеді. Мысалы:
ақылға бай, тастан қатты, қулыкты көргіш. Етістіктер
ұйтқы (басыңқы) сөздер ретінде өзіне бағынышты зат есімдермен де, үстеулермен де,
көсемшелермен де, еліктеу сөздермен де тіркесе береді. Мысалы:
тауға шығу, ерте тұру,
қадала қарау, бұрқ-бұрқ қайнау.
Сонымен, сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланысқа
түседі екен. Ол синтаксистік байланыстың тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олар:
қиысу,
матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
Достарыңызбен бөлісу: