49
тілдердегі идеографиялық таңбалар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді
(сондықтан да, аталған тілдердегі омонимдер әр түрлі иероглифгермен
белгіленеді).
Осы жағынан алып қарағаңда, идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар
цифрлар тәрізді. Айталық, 1, 2, 3 деген т.б. цифрлардың сандық мағынасын барлық
халық бірдей ұғынады, бірақ бұлардың дыбысталуы әр халықта әр басқа.
Дүние жүзі тілдерінің ішінде идеографиялық жазудың дамуына қолайлы тілдер
ретінде, әдетте, түбір тілдер (мәселен, қытай, ацтек, америкалық үнді т.б.)
аталынады. Өйткені түбір тілдерде сөз грамматикалық жақтан өзгеріске көп түсе
бермейді.
Идеографиялық жазудың үлгілерін казіргі кездегі математика, химия, физика
терминдерінің ішінен де кездестіреміз. Мысалы: +— "қосу", = "тең", N - "түбір", Н -
"сутегі", Ғ - "күш" т.б.
Идеографиялық жазудың жетіле түскен түрі - морфема- идеографиялық
жазу. Бүл жазудың ұстанымы (принципі) бойынша, таңбалар бүтіндей сөзді емес,
оның құрамына енетін морфемаларды белгілейді. Осы ерекшелігіне орай ол
морфемаларды белгілейтін таңбалар морфемаграммалар деп аталынады.
Қазіргі қытай иероглифі морфема-идеографиялық жазу болып табылады.
Бұл тұрғыдан идеограммаларды екі түрге бөліп қарауға болады. Оның біріншісі
- сөздердің мағыналарымен тікелей байланысты болса, екіншісі - сөздердің
фонетикалық жағымен байланысты. Осыған сәйкес біріншісін - идеографиялық
иероглифтер
(идеограммалар),
екіншісін
-
фонетикалық
иероглифтер
(фонограммалар) деп атайды. Айырмашылықтары — идеограммалар көбінесе синоним
сөздерді белгілеу үшін қолданылса, фонограммалар омонимдерді белгілеу үшін
қолданылады. Сөздерді дәлме-дәл белгілеуде идеографиялық жазудың бұл екі түр-
тармағы, әдетте, бір-бірімен ұштастырылып жұмсалынады.
Енді пиктографиялық жазу қоғам дамуының қай дәуірінде пайда болған? -
дегенге келелік. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл жазудың пайда болуы құл
иелену дәуіріне сай келеді. Өйткені бүл дәуір мемлекеттер арасындағы қарым-
қатынастың, сауда- саттықтың күшейген кезі болатын.
Идеографиялық жазудың бірсыпыра кемшіліктері бар. Олар: 1)
идеограммалар өзі белгілеген сөздің дыбысталуын білдіре алмайды; 2)
идеограммалар көп болады және күрделі болады; 3) идеографиялық жазу
грамматикалық формаларды белгілеуге келгенде өте икемсіз келеді.
Соңына қарай айтарымыз: кейбір ғалымдар идеографияны логографиялық (гр.
logos"сөз" + grapho "жазамын") жазу деп атаған дәл болар еді, - дейді. Осыған орай олар
идеограмманы логограмма деп атағанды жөн көреді.
Достарыңызбен бөлісу: