10
сөздер шығып қалып, оның есесіне көптеген жаңа сөздер қосылып отырады немесе
сөздердің мағыналары өзгеріп жатады; шет тілден сөз ауысып келуі де мүмкін.
Грамматикада да сондай. Лексикаға қарағанда баяу болса да, тілдің грамматика
саласында да өзгерістер болып, оның грамматикалық құрылысы жетіліп отырады.
Мысалға босқа, зорға деген үстеулер есім сөздерге барыс септігінің қосылуынан
жасалған. Сондай-ақ, қабаған, тебеген тәрізді етістіктер қазіргі кезде сын есімдер
болып саналады.
Өзгеру мен дамудың барысында дербес сөздердің көмекші сөздерге, ал көмекші
сөздердің аффикстерге айналуы — әрбір тілдің тарихында кездесе беретін құбылыс. Бұл
ретте бара дұр, жүре дұр тіркестерінен барады, жүреді формаларының, бара тұрған, келе
түрған тіркестерінен баратын, келетін есімше формаларының жасалуын мысалға
келтіруге болады.
Тілдің даму барысында кейбір аффикстердің ықшамдалғанын байқаймыз.
Мысалы: айтқанмын>айтқам, айтамын>айтам, барғанмын>барғам, барамын>барам т.б.
Осылайша ықшамдалу сөз тіркестерінде де болады. Олар келе-келе бір-бірімен бірігіп,
содан кейін кірігіп, бір сөзге айналып кетеді. Мысалы: бұл күн>бүгін, бұл
йыл/жыл>биыл, алып бер>әпер.
Қазіргі қазақ тілінде баяндауышы жатыс жалғаулы тұйық етістіктен жасалған
сөйлем түрлері бар. Мысалы: Ауыл шаруашылығы жекешелендірілуде. Бірінші семестр
өтуде. Мүндай сөйлемдер бұрын болмайтын. Болса, жекешелендіріл
+іп жатыр, бірінші
семестр өт
+іп жатыр болып келетін. Жоғарғыдай баяндауыш формасы кейінгі кезде
жасалып қалыптасқан.
Жай сөйлемнің инверсиялы түрі де кейінгі кездің жаңалығы. Мысалы: Сөйлеп
тұрған Алматы. Берілді осы анықтама (справка) т.б. ,тілдерде неге мұндай өзгерістер
болады? Оның себептері көп. Солардың бірі - тілдердің бір-бірімен қарым-
қатынасы, өзара әсері.
Достарыңызбен бөлісу: