Тіл болмыстың үйі Мартин Хайдеггер неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі. 1950 жылдары шығармашылығында ол тіл мәселесіна барынша назар аударады. Ол тілдің жетіліп-кемелдеуіндегі тарихи алуан қайнарларын анықтап, метафизикалық жалаңдықтан сақтану ыңғайын қарастырды. Оның әйгілі нақылы — "Тіл - болмыстың үйі" сөзі әлемде кең тараған философиялық тіркестердің бірі есептеледі.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптасады.Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде» дейді. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде қадірлейміз. Өткенді, бүгінгіні, болашақ қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт-дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз. Мен осы айтылған ойлармен келісемін, себебі әр ел өз тілін құрметтейді және бағалайды. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әр қазақ баласының бірден - бір міндеті болып табылады. Біз, болашақ жастар тіліміздің абыройын асқақтатамыз, биікке көтереміз деп нық сеніммен айтқым келеді.