Қазіргі кездегі оқушылардың шығарма жұмысын тексерудің екі түрі:
1.Оқушы шығармасындағы кемшіліктерді мұғалім өзі түзетеді.
2.Мұғалімнің басшылығымен оқушының өзіне тексерту.
Шығарма жұмысын тексергенде қателерді түрлі шартты белгілер арқылы көрсету керек.Мұның өзіндік бір жүйесі бар:
/ - емле қатесі белгіленеді.
V – тыныс белгісінен кеткен қате.
Ζ – абзац керек деген белгі.
Ζ – артық қойылған абзац.
? – дүдамал, екі ұшты, осы сөйлемді ойлан НЕМЕСЕ ТҮСІНІКСІЗ деген белгі.
?! – пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік.
! – осы жерге ерекше көңіл аудар.
~~~ - ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер.
־־־ - стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі.
... – сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді.
Әрине, осы белгілерді қойып, оқушының дәптерін қайтаруға болмайды, мұғалім осы шығарма жөнінде рецензия жазып қайтарса, бұл белгілердің оқушыға беретін әсері өте мол. Сондықтан шығармадағы кемшіліктерді жою үшін,оқушылардың осы шартты белгілерді жақсы білулері қажет. Ол үшін мұғалім осы шартты белгілерді жақсы білулері қажет. Ол үшін мұғалім осы шартты белгілерді оқушыларға үнемі таныстырып отырса, дұрыс болар еді.Сонда бұл оқушының есінде мәңгі қалады.Бұл шартты белгілер мұғалімге де өте қолайлы.Себебі ол мұғалімнің уақытын үнемдейді.Шығармадағы кемшіліктерді жазып көрсеткеннен шартты белгіні қоя салу мұғалім үшін жеңіл.Енді осы шығарманы мұғалім тексергенде нені еске алу керектігіне назар аударалық.
Достарыңызбен бөлісу: |