«5» деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір –бірден қате жіберсе;
«4» деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі – екіден қателері болса;
«3» деген баға: емле және тыныс белгілерінен 4-5 – тен қателері болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;
«2» деген баға: емле және тыныс белгілерінің әрқайсысынан 6 – дан 10 – ға дейін қате жіберсе;
Оқушыларды дұрыс сөйлеуге (ауызша да, жазбаша да) үйрету жоспарлы, түрлендіре жүргізілетін жүйелі жұмыс болмаса, ойдағыдай нәтиже бермейді. Балалардың ойы мен тілін дамыту жұмысының табысты болуы-сөзге зейін қою, балалардың ұқыптылығына, яғни қоршаған ортаға, адамдардың дұрыс, мәнерлі сөйлеуіне байланысты. Балалардың өздерінің сөйлеу тәжірибесін ұйымдастыруға, мұғалімнің бақылауымен балалар қызыға сөйлейтін алуан түрлі жағдайлар жасай білуге байланысты.