І. Дәптердің сыртқы көрінісіне назар аудару керек.
а) тазалығы;
ә) әріптердің дұрыстығы.
ІІ. Логикалық жағынан
а) тақырып пен идеяның ашылуын;
ә) пікірдің молдығын;
б) дәлелдің дұрыстығы.
ІІІ. Пікірдің жүйелігі
а) жоспардың жүзеге асуы;
ә) әрбір бөлімнің мөлшері.
ІV. Грамматикалық сауаттылығы
а) емлелік жағынан;
ә) синтаксистік жағынан.
V.Стилі
а) сөйлемдердің дұрыстығы;
ә) көркемдігі.
Осы қатемен жұмысты да үнемі оқушыларға ескертіп отырған жөн. Осы айтылғандарды басшылыққа алғанда шығарма жұмысы ойдағыдай болады.
Шығарманы жазуға қойылатын негізгі талаптар
Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы аша білуі;
Жазып отырған тақырыбынан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну;
Артық баяндау, дәлелдемелерге жол бермеу;
Шығармадағы болған жайды баяндауда аз сөзге көп мағына сыйғызу;
Шығарманың барлық бөліктері тақырып және негізгі ой арқылы бір – бірімен байланысты болу;
Шығарманы 5 сыныптан бастап жазады, бірақ 5,6 сыныптарда үйрету шығарма болып саналады;
Міндетті түрде жоспар болуы және мазмұнның осы жоспарға сай болуы шарт;
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау;
Шығармада қолданылған жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қателіктер жіберілмеуі керек;
Оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай бағаланады;
Достарыңызбен бөлісу: |