Алдаберген: Жазушы деген жақсы ойлайды деуші еді... Қап, сен қауғада жүргенде, Бөпежан «без двух» отыр еді. Сен бардың да... Бөпежан: Ылғи жұпыны киінуші еді. Теперь настоящий шик. Мама, осы жарасады. Жазушы Д.Исабековтың да «Әпке» драмасынан қазіргі жастардың ана тілімізге немқұрайлы қарайтын кемістерін сынаған мынадай жолдарын кездестіреміз
Мысалы: Нәзила: «Білмеймін. Мен дұрыс жасамаған да шығарамын. Бірақ, әлгі қыздың тым еркінсіп, ар-ұятты естен шығарып бара жатқаны жаныма тиді», «Я так хочу» деп, Тимурды құшақтап апты. «Котенок мой» деп, бұл да өліп бара жатыр...»
(Жастардың өз сүйгендеріне айтатын «жұлдызым, айым, күнім» деген теңеулері бола тұрса да) сонымен қатар, кейбір сөздерге тиісті қосымшалардың нормаға айналған түрлерін жалғамай, басқа түрлерін орынсыз жалғау да тіл тазалығына кесірін тигізеді.
Мысалы:
Жазда бұл жерде ыссы болады (ыссы есем - ыстық).
Шешесі ауызғы бөлмеге шықты да, төсектегі жатқан жиенінің жанына келді. (ауызғы емес – ауыз бөлмеге, төсектегі емес – төсекте).
Рабиға баласының бетін сүйді (бетін емес - бетінен).
Абай жасында молдаға оқыды (молдаға емес - молдадан).
Сонымен қатар, сөздерді дұрыс байланыстырмай, орынсыз тіркес құрау, сөйтіп, сөйлем құрылысы мен мағынасын бұзатын кемшіліктерге көркем әдебиеттегі, газет-журналдағы әңгімелерден көптеген мысалдар келтіруге болады.
Мысалы:
Ертелетіп екпіндетіп келген Шегебай енді уайым жейтіні жоқ кісіше асықпай аяндап барады.
Тақ алдында есіктің көзінен сарт етіп дәрігер машинасы тоқтай қалды.
Әлде жат жұрттыққа жаралған ежелгі қыз қылығына бағып, неғайбыл болашақтағы тағдырына өзін-өзі дайындап бой ұсына бастағаны ма?
Кейбіреулер айтатын деген сөйлемді жарыққа шығармай, сөйлемнің соңын жұтып сөйлейді. Мұндай стильдік ерекшілік тіл тазалығына, тіл мәдениетіне үлкен зиянын тигізеді.
Мысалы: «...Мен... енді былай... Сәкең айтқасын... кетіп жатқаным ғой, Құрал-сайман, жұмысшы күші тапшы дегендей ... Сіздер ғафу етіңіздер, мен кішкене былай...»
Кейіпкер тілінде кездесетін мұндай кедір-бұдырлықтар күнделікті өмірде жиі кездеседі. Мұндай мысалдарды әрбір жазушы өмірден алып жазады. Әдеби қаһарманның тілі, іс-әрекеті, мінез-құлқы арқылы тілімізді бұзып сөйлейтін адамдардың бейнесін жасайды. Дәл осылай сөйлейтін кісілердің арамызда жүргенін еске салады, тіл тазалығын сақтап сөйлеуге жетелейді.
Ауызекі тілде немесе жазуда болсын әр сөз айтылар ойға, мазмұнға қатысты болып, мағыналық жағынан жақын тұруға тиіс. Бірақ, кейбір адамдардың сөйлеу дағдысына сөз тазалығына нұқсан келтіретін, сөзді әсерлігінен айыратын «қызметсіз» қыстырылып жүретін «жаңағы, нетіп, әлгі, не қылғанды, ал енді, сонымен, солай етіп жүргенде,нетіп кеткеннен кейін» т.б. осындай сөздер өзінің тыңдаушыларын мезі етеді. Осындай сөздің керегінен керексізі көп болып жатады. Әсіресе сөйлеушінің айтар ойы айқын болмай, өзі сөз етіп отырған жайдан түсінігі бұлдыр болған кезде, сүлеңсіз сөздер киліккіш келеді.
Сөз тазалығын сақтауға талаптанған адам белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме қозғамас бұрын сөйлейтінін кесіп-пішіп, ой елегінен өткізіп алып, жұрт алдына шығады. Сондай ортаның бірі – ұстаздар қауымы. Елімізде мыңдаған ұстаз, милиондаған шәкірт бар. Тәжірибелі ұстаз шәкірттеріне айтар ойын сірескен жансыз тілмен емес, екемді, орамды тілмен жеткізеді. Ал ондай кітап тілінен гөрі сөйлеу тілінің амал-тәсілдеріне де арқа сүйейді. Алайда ұстаз алдында бастан-аяқ бір сарынмен сөйлейтін оқушылар да кездеседі. Оның сөйлеу тілін дұрыс арнаға салып, шұбырынды сөз, сіреспе тіркес, түрлі қыстырма сөздерін тазартып отыру – ана тілін ардақтай білетін әрбір ұстаздың қасиетті борышы.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Тіл тазалыгы дегенді қалай түсінесіңдер, оның әдеби тілмен қандай байланысы бар?
Қазақ тілінің әлемдегі бай тіл екендігіне ешбір шүбә келтіруге болмайды, солай бола тұрса да ұлттық тіліміздің әлі күнге дейін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріле алмай келе жатқанын қандай мысалдармен түсіндірер едіңдер?
Тіл мәселесінің ішкі саясатқа қатысы бар ма? (Мемлекеттік тіл әлі күнге дейін қағаз жүзінде). Тіл мәртебесін көтеріп, тіл тазалыгын сақтау үшін қандай жагдайлар керек? Оны неден бастауға болады, өмірден ңақты мысалдар келтіріп, дәлелдеп көріңдер.
Көркем әдеби шыгармалардың өз ойымызды еркін жеткізіп, әдемі, әсерлі свйлеуімізге үлкен әсері бар. Сондықтан да бір әдеби шығарманың тіліне талдау жасап көріңдер, көркемдегіш сөздері бар сөйлемдерді іріктеп алып, ауызекі тілде қолдануга ( теңеу, эпитет, метафора, қанатты сөздер т.б.) үйреніңдер.
5. Табигат суреті берілген жерлерді (пейзаж), ой толгауларды (монолог) жатқа айтып дагдыланыңдар! Ауызекі тілде «варваризмдерді», тұрпайы сөздерді қолданудан сақ болыңдар.
1-тапсырма: Мәтіннің мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беріңдер. Әр бөлімнің теңеулеріне мән беріңдер: Әкесінің өлгені - асқар тауының құлағаны, шешесінің өлгені - ағар бұлағының суалғаны, ағасының өлгені - оң қанатының қайырылғаны ... т. б. сөз оралымдарының мағынасын жеке-жеке ашыңдар. Қарашаштың қайтыс болғанын Жиренше қалай білді?