Тіл мәдениеті, стилистика бойынша қүрастырылған бүл жинаңта сөйлеу мөдениетіне ңойылатын талаптар, топ ал-дында сөйлеуге әзірлік жүмыстары туралы айтылып, тіл да-мыту жолдары



бет4/48
Дата08.12.2023
өлшемі0,92 Mb.
#135285
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
b175

Сырым мен молда
Сырым жол жүріп келе жатып, бір мешітке кез болып, намаз оқуға түрады. Сырымның жеңінің ұзындығы етігімен бірдей екен. Мешітке кіріп намаз оқығанда жеңін түрмей, қолын жеңінен шығармай оқиды.
Молда Сырымның мұнысына наразы болып:

  • Намаз оқығанда қолды жеңнен шығарып оқу керек, - деп ескертеді.

  • Қолды жеңнен шығармай оқудың қандай зияны бар? - дейді Сырым.

  • Қолыңды шығарып оқысаң, қолға нұр құйылады, алақаныңмен бет сипағанда нұр бетіңе тарайды, - дейді молда.

  • Ол нұр қайдан келеді? - дейді Сырым.

  • Көктен келеді, - дейді молда.

- Япыр-ау, молдеке, мен бұл шариғатыңызға түсіне алмадым. Сіздің айтуыңызша, жеті қат көктен, үш қабат мешіттің төбесінен түсіп тұрған нұр менің жалаң қабат шекпенімнің жеңінен өте алмас дейсіз бе? - депті сонда Сырым батыр.
Молда қысылып, жауап қайтара алмай қалыпты.


3-тапсырма: Сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап беріңдер:
- Бір елі ауызға неше елі қақпақ керек?
- Қызым, саған айтам. Бұны кім тыңдасын?
- Кімнің алдында ауызыңды тыған дұрыс?
- Піл көтермегенді не көтереді? (осы сұрақтарды жалғастырыңдар).
Сөз қолдану мәдениеті мен жазу мәдениетінің байланысы,
оған қойылатын талаптар

... Ел бастау қиын емес,


Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес –
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан
Қиынды көргенім жоқ...
Бұқар жырау

Сөз өнерінің қиын екендігі, өнер атаулының ең биігі екендігін, Бұқар жыраудың осы бір сөзінен-ақ аңғаруға болады. Қазақ халқы өз ұрпақтарының тіліне, сөйлеу мәнеріне ерекше көңіл бөліп, сөздік қорының молайып отыруына, әдемі сөз саптауларына, өз ойларын еркін айтуларына мән беріп отырған.


Оны көп алысқа бармай-ақ, XI ғасырда адамзаттың мәдениеті мен әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан Шығыстың алып тұлғаларының бірі Кей-Қабус «Кабуснаме» атты ғылыми-әдеби шығармасының «Өнердің абзалдығы, қадір-құрметі және өнегелі болуы туралы» бөлімінде:
«Барлық өнерден сөз өнері жақсы екенін білген жөн. Адамзаттың ең абзал қасиетінің бірі - сөз сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді әдет қылғайсың, өйткені қандай сөзді айтуды әдеттенсең тіл соны айтады. Сөзді өз орнымен сөйле. Орынсыз айтылған сөз жақсы болса да жаман көрінеді. Орынсыз айтылған артық сөз опық жегізеді.
Егер сөйлеген сөзіңнен бір нәрсенің пайдалы иісі сезіліп тұрмаса, ондай сөздің айтылмағаны жақсы.
«...Сөз бір шарап сияқты, одан басың ауруы да, жазылуы да мүмкін депті білімдарлар. Біреу сенен бір нәрсені сұрамаса, жауап бермегейсің, ал сұрай қалса, турасын айт. Босқа кететін жел сөзден сақтан», - деген даналық сөзі бізге өнеге ретінде сөздің адам өміріндегі құдіретін паш еткендей (Кабуснаме).
Бұл тіл мәдениетінің адам баласына қажетті өнердің ең биігі, балқаймағы, шынары екендігін дәлелдейді. Шынында да, қазақ халқы қай заманда да аталы сөзді қастерлеген «Жақсы сөз - жарым ырыс», «Өнер алды - қызыл тіл» деп құрметтеумен қатар оған күшті талап та қоя білген.
«Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын» деп түсінген. «Алтын» сөзі әрі қысқа, әрі нұсқа болумен қатар, аз сөзбен көп мағына беру. Ата-бабаларымыз көп сөзді ұнатпаған, оны «көмір» деп қана қоймаған, мынадай синонимдерімен беріп, жаратпаған ішкі ойларын дәл жеткізген. Мысалы: «езбе» (езбелеу), «балпыл» (балпылдау), «былшыл» (былшылдау), «мылжың» (мылжыңдау), «оттау» т.с.с.
Халқымыздың ғасырлар бойы сақтап бізге жеткізген сөз мұрасын толық меңгеру, оны өз орнымен пайдалану - баршаның міндеті.
Кім болса да өз пікірін дәлелдеу үшін сөзге, сөйлемге байланысты қажетті сөз тіркестерін терең меңгеріп, күнделікті өмірде қолдана білулері керек.
Сөзді өз орнымен қолдану - білімділіктің белгісі. Солай болса тұрса да сараң сөйлейтін, өз ойын еркін жеткізе алмайтын, былапыттап сөйлейтіндер ұстаздар арасында да кездесіп қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет