11-ереже: Конфликтогендерден (дау туғызатын сөздерден) аулақ болыңыз. Конфликтоген деп, дау туғызатын сөздер, дау туғызатын әрекет, яғни конфликтке соқтыратын сөздер. Конфликтоген сөзінің нақты аудармасы -«дау тудырушылық» («ген» жалғауы күрделі сөзде «тудыратын» дегенді білдіреді).
Сіз қалай ойлайсыз, конфликтоген дегеніміз не? (Асырмалау, ашулық және тәрбиесіздік туғызатын көрсеткіштер: дөрекілік, қорқыту, мысқылдау, ескерту мақтану, апелляциясыздық, кеңес беру, сөйлеушінің адамның сөзін бөлу, өтірік, ақпаратты жасыру және т.б.).
Берілген ереже жетінші ережеге сәйкес. Расында, конфликтогендер көрінбей қалмайды, кері әсер пайда болып, әңгіме шиеленіске айналады.
12-ереже: Сіз бір-біріңізді дұрыс түсінетініңізді тексеріңіз. - Оны қалай тексеруге болады?
Мәтінге байланысты сөздер әртүрлі мағынада болады. Бұл кез-келген тілге айтуға болады (мысалы, ағылшын тілінде 500 аса қолданылытын сөздің орташа санағанда 28 мағынасы бар). Қазақ тіл де солай. Сондықтан, хабарламаны алғанда түсіну дәрежесін, әсіресе қазақша әрқашан тескеру керек. «Мен қайдан пайда болдым?» - деген сұрақты баласы анасына қойды. - Адамдардың пайда болу туралы дәріс кезінде, соңында естідім: «Көрші Қарағандыдан келдік дейді. Ал біз қайдан?»
Пайда болған дауды сараптама дауласу кезінде затты әр жақты түсінетінін көрсетеді, нәтижесінде - «домбырам не дейді, мен не деймін», «бас десе, құлақ дейді». Келісімге келу үшін бір-бірін түсіну керек.
Түсінудің қарапайым, жай тәсілдер бар. «Мен сізді дұрыс түсіндім бе?» (Түсінгеніңізді қайталау) немесе «Басқа сөзбен айтқанда, сіз ...», «Сіздің айтқаныңыз ... білдіреді?» және т.б. Қайта сұрау күнә емес: «сіз нені айтып жатырсыз?», «қайтала алмайсыз ба?», «анығырақ айтуға бола ма...».
Галилео Галилейдің ғылыми тұжырымдарынан ешкім аса алмады: ол ең алдымен өз қарсылыстарының пікірлерін олардың өздерінен анық айтып, содан кейін оның тас-талқанын шығаратын. Ол нағыз шешен, виртуоз болды.