9-ереже: Эмпатияны білдіру. - Эмпатия дегеніміз не? Эмпатия дегеніміз басқа адамның сезімдерін түсініп, бірге сезіну, қобалжу қабілеті. Біз ол туралы әлі сөйлесеміз.
Эмпатия әңгімелесушіні жақсы түсініп, оның ойлау жолдарын біліп, көруге көмектеседі, «оның ішіне кіріп кету» сияқты.
Эмпатияны жарыққа шығармай Гомердің бірінші ережесін қолдана алмаймыз, себебі аргументтердің күшін шешім қабылдаушы бағаласа, біз өзімізді оның орнына қоюымыз керек. Сол сияқты Сократ және Паскальдің ережесіндегіндей, әнгімелесушінің сіздің сөздеріңізге деген реакциясын болжау керек, яғни эмпатияны білдіру керек.
«Эмпатия» ойыны Ойынның мақсаты: «көзбен байланысты ұстай білу» әңгімелесушіні түсіне білу қабілетін арттыру.
Ойынның барысы
Бір оқушы сыныптан бір минутқа шығады. Қалғандары шығып кеткен баланың мінезіне немесе сыртқы бейнесіне байланысты ең жақсы үш қасиет айтады. «Ақпарат сақтаушы» кімнің не айтқанын жазып алады. Кірген оқушының міндеті - сыныпта қалған оқуышылардың көздеріне, мимикаларына және басқа да мінез-құлықтарына «ақпарат сақтаушы» айтқан сөздердің иесі кім екенін анықтау. Топ «ыстық», «жылы», «суық» сияқты сөздермен көмектеседі. Оқушыларға тек қана жақсы қасиеттерді айтуды ескерту керек.
10-ереже: Жақсы тыңдаушы болыңыз. – Жақсы тыңдаушы болу дегеңіміз не?
– Көбінесе қандай себептерден дау басталады? Дауды мұқият талдау кезінде көбінесе дау барысында дауласқан адамдар әр түрлі жағдайлар туралы айтатыны анықталады.
Мұқият тыңдау-көндірудің кепілі. Егер оның ойының тәртібін, құрылымын түсінбесең, ешқашан көндіре алмайсың. Сонымен бірге, мұқият тыңдаушы әңгімелесушіні өзіне қаратады, яғни жетінші ережені қолданады. Сонда ол қалай естіледі? Біз айтылғанды емес, өзіміздің қалағанымызды еститініміз мәлім.
Өзіміздің тыңдай алуымызды, коммуникативтікті көптеген тестер арқылы тексеруге болады. Міне солардың бірі.
Тест. Сіз адамдармен қарым-қатынас жасай аласыз ба?
Бұл сіздің тіл табыса алу, тыңдау қабілеттеріңізге тікелей байланысты. Бұл сұрақтарға жауапты тесттен кейін жауап бере аласыздар. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береміз:
Сіз басқа адамның сөзін соңына дейін айтып болғанша шыдайсыз ба?
Сіз мәселені түсінбей жатып, шешім қабылдайсыз ба?
Сіз өзіңізге ұнатайтынды, жағымды ғана естімейсіз бе?
Сізде эмоция тудыратын адамды тыңдай аласыз ба?
Басқа біреудің сөйлеуі сізге бөгет болмай ма?
Әңгіменің керектісінің орнына бос нәрселерді ғана есте сақтамайсыз ба?
Ескертулерді тыңдау сізге кедергі жасамай ма?
Түсініспеушілік кезінде сіз тыңдауды тоқтатасыз ба?
Тыңдау кезінде жағымсыз позицияны ұстанасыз ба?
Мүмкін сіз тыңдап жатқандай түр жасайсыз?
Сіз түсіну үшін өзіңізді сөйлеушінің орнына қоясыз ба?
Сіз және сөйлеуші әртүрлі сұрақты талқылайтыныңызды есепке аласыз ба?
Сізге және сөйлеп тұрған адамға сөздің мағынасы әртүрлі болатындығынын бақылайсыз ба?
Сіз даудың көзқарастың келіспеушілігінен немесе сұрақтардың әртүрлі қойылғанынан болғанын анықтайсыз ба?
Сізде сөйлеп тұрған кісінінің сөзін бөліп, өзіңіздің сөзіңізді қоюға құмарлық пайда бола ма?
Нәтиже:егер сіз 11-14 сұрақтан басқа барлығына шын ниетпен «жоқ» деп жауап берсеңіз, онда сіз адамдарды тыңдай аласыз және ести аласыз. Кімде-кім өз жауаптарына сенімсіз болса, бұл тест негізінде кеңестерден құралған.