Тіл мәдениеті, стилистика бойынша қүрастырылған бүл жинаңта сөйлеу мөдениетіне ңойылатын талаптар, топ ал-дында сөйлеуге әзірлік жүмыстары туралы айтылып, тіл да-мыту жолдары


– жаттығу. Өленді жаттап, мәнерлеп оқыңдар. Адам екі түрлі



бет46/48
Дата08.12.2023
өлшемі0,92 Mb.
#135285
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
b175

8– жаттығу. Өленді жаттап, мәнерлеп оқыңдар.


Адам екі түрлі
Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды,
Жемісінен дүние жүзі баһбара алады.
Бір адам бар терек ағашы сықылды,
Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды.

Бісімілла – сөздің басы, хақтың аты,


Молланың ақ қағазға қалар хаты.
Нақылият, қара сөзден өлең қылып,
Шығарған ақын Мәшһүр хиқаяты.

Жақсылық, қайыр, ихсан қылған ісі,


Адамның қымбат баһа сол жұмысы.
Табылмас көзге тотия, ем дәрідей,
Қолынан әр жақсылық келген кісі.

Қайырсыз болсаң бәхил, болдың терек,


Басқаға бір отыннан қылмас керек.
Жақсыдан жақсының да парқы бөлек,
Даналар біледі ойлап, ақыл зерек.

Құдайым пендесіне берген малды,


Жаратқан әр түрлі қып жүрген жанды.
Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан,
Қайыр ғып берген артық жалғыз нанды.
(М.Ж.Көпеев)



        1. Өлең не туралы:

        2. Ақын адам мінезін қандай жеміс ағаштарына теңейді:

        3. Баһра, хақ, нақылият, хиқаят, ихсан, баһа, тотия, бәһил қазіргі қазақ тілінде сирек кездесетін, басқа тілден енген сөздер екенін есте сақтаңдар.

        4. Осы сөздердің мағынасы сөздіктен қарап анықтаңдар.



9– жаттығу. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, тапсырмаларды орындаңдар.

Өскеменнің ар жағында, Бұқтарманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар.


Алтай, Күршім – не заманнан қалың Найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы – қыспақ, жазы – самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірігін аймаласып, тыраңдасып, майек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы – Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған ақ аулды – Алтай елі. Алтай елі – Алтай жары – тау еркесі киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалында сайран етіп жатқаны.
Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі айтарлықтай айнадай боп, көзі құралайындай боп, күлкісі атқан таңыдай боп, бойы құба талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күбірлесіп, көлеңдесіп, езу тартса – есің кетіп, сұңқыл қақса – шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап, қиялың қия кезеді.
Ж.Аймауытов



  1. Табиғатты суреттеуде қолданылған сөздердің мағынасына, өзара ұйқасына, құрылысына, естілу, айтылу сазына назар аударыңдар.

  2. Жазушының Марқакөлдің сипатын, орналасқан жерін суреттеуінде қандай ерекшелітер бар:

    • Өскемен, Бұқтарма, Алтай, Күршім жерлерін не үшін пайдаланған?

    • Жоғардағы ел, жер, өзен, көл, таудың суретін, табиғатын бейнелейтін сөздер мен сөз тіркестерінің қызметін анықтаңдар.

  3. «Ар жағында», «оң жағында», «қақ басында», «алақанның аясында» тіркстерінің синонимдерін жазыңдар.

  4. «Күз күзеткен», «түрі де аспан, сыры да аспан», «қысы – қыспақ», «жазы – самал» тіркстерінің мағынасын ашып айтыңдар.

  5. Бір сөзді екі рет қайталанып берулуінің мағыналық, эмоциялық әсері қандай?

Бірде Құнанбай, Алшынбай, Мұса үшеуі бірігіп, еле арасында даулы мәселелер көбейіп кетті, барымта жиі қайталанатын болды деген себепті желеу етіп ел жинап, мәслихат өткізбек болады. Дуанбасылар шақыртқан соң халық жиылады. Халықтың бас-аяғы түгел жиналып болғанымен, дуанбасылар келе қоймайды. Шілденің аптап ыстығында Жанқұтты шешен дуанбасыларды күтеді. Осы уақытты Жанқұтты дуанбасылар келмейтін болды деп халықты таратып жіберіп, өзі үшеуінің алдынан шығады.


Алшынбай тұрып:

  • Е, Жанқұтты, халық жиналды ма? – депті.

  • Халық жиналмақ түгілі, жиылыс бітіп қойды. Сіздер кешіккеннен кейін сырқаттанып қалды ма деп, жиылыста қаралатын төрт мәселенің біреуін өзім шешіп, үшеуін үшеуіңізге қалдырып, кейін бір кезі келгенде айтар деп, халықты таратып жібердім, - деп Жанқұтты жауап береді.

  • Оның да дұрыс болған екен, бізге қайсысын қалдырдың, - депті Алшынбай. Сонда Жанқұтты тұрып:

  • Мұсажан, асықтың қаржысының билігін саған қалдырдым, Алшеке, тақыр жердің билігін саған қалдырдым, Құнанбай, ақ тобық аттың шабысының билігін саған қалдырдым, - деген екен.




  1. Мәтінде аты аталған Мұса, Алшынбай, Құнанбай, Жанқұтты туралы не білесіңдер?

  2. Барымта, желеу етіп, дуанбасы, аптап сөздерінің мағынасын анықтаңдар.

  3. Жанқұтты шешеннің дуанбасыларға қалдырған билігін таратып айтып беріңдер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет