[vop]
[q] 3:1 Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді
қалай атаймыз?
[a]
диалект
26
ФУТ 703-05-11. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
[a]
термин
[a]
неологизм
[a]
көнерген сөз
[a]
архаизм
[kvop]
[vop]
[q] 3:1 Диалект сөздер жалпы халықтық сөздер болып есептеледі ме?
[a]
есептеледі
[a]
белгісіз
[a]
есептелмейді
[a]
кейде есептеледі
[a]
дұрыс жауап жоқ
[kvop]
[vop]
[q] 3:1 Сөйлемнен диалект сөзді табыңыз. « Дардай адаммен қалай төбелесесің?»
[a]
адам
[a]
дардай
[a]
қалай
[a]
төбелес
[a]
диалект сөз жоқ
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Сүгірет, ішқұста, бәдірен диалект сөздерінің әдеби баламаларын табыңыз
[a]
сүгіреттей, ішқұста, бадыран
[a]
сурет, ішқұса, қияр
[a]
бадыран, сүгірт, ішқұса
[a]
сурет, ішқұста, бадран
[a]
сурет, ішқұста, бадыран
[kvop]
[vop]
[q] 3:1 Диалект сөздер дегеніміз не?
[a]
Басқа тілден енген сөздер
[a]
Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер
[a]
Тілде жаңа ұғымдарын білдіретін сөздер
[a]
Қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер
[a]
Ғылым, өндіріс және тағы басқа саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат
атаулдарын білдіретін сөздер.
[kvop]
[gl] 5-
апта Қазақстан және Таяу және Орта Шығыс елдері. Жалпылама
қолданылатын сөздер мен терминдер. [:]
[pr]
Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама
қолданылатын сөздер дейміз. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне
қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы, су, ауа,
тамақ, үй, нан, ас, жер, күн, киім, ауыл, ел, қала, көрші, туыс, орын, отыр, жүр, кел, бер, ал,
сөйле, жақсы, әдеп, ақыл, тәртіп т.б.
Жалпылама қолданылатын сөздер тура мағынасында жұмсалады.
27
ФУТ 703-05-11. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
Термин сөздер – ғылым, техника, өндіріс т.б. саласындағы ұғымдар мен зат атауларын
білдіретін сөздер.
Терминдер бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, бір мағыналы болып келеді.
Терминдердің мағынасы әрқашан тұрақты болады.
Терминдердің жасалу жолдары:
1. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір терминдер орыс, араб, еуропа тілдерінде қалыптасқан
үлгісінде жұмсалады: квадрат, синоним, эпос, поэзия т.б.
2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: кеден – таможня, әмбебап – универсал, кешен –
комплекс, хаттама – протокол, ғарыш – космос.
3. Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: әнұран – гимн, төлқұжат –
паспорт, әуежай – аэропорт, елтаңба – герб т.б.
Ғылымдар саласы бойынша терминдер.
1.
Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология,
синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия.
2. Әдеби-өнер терминдері: проза, комедия, драма, опера, сатира, поэзия, эпос,
консерватория, либретто, дирижер т.б.
3. Математика терминдері: алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент.
4. Физика терминдері: атом, оптика, механика, энергия, ампер.
5. География терминдері: глобус, циклон, меридиан, экватор, Азия, Африка, масштаб,
тайфун, карта т.б.
6.
Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология,
синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия.
7.
Әдеби-өнер терминдері: проза, комедия, драма, опера, сатира, поэзия, эпос,
консерватория, либретто, дирижер т.б.
[[vop]
[
q] 3:1 Термин сөздердің анықтамасын табыңыз.
[a]
жұрттың бәріне түсінікті бола бермейтін, беолгілі-бір кәсіппен я шаруашылық
саласымен шұғылданатын сөздер арасында ғана айтылатын сөздер
[a]
Ғылым, техника, өндіріс және тағы басқа саласындағы арнаулы ұғымдар мен заң
атауларын білдіретін сөздер
[a]
Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін ғылым
[a]
Мағынасы жуық, бірақ жазылуы әр басқа
[a]
Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана
қолданылатын сөздер
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Көшкін, музарт, шың зерттеу терминдері қай салаға байланысты айтылады?
[a]
математика
[a]
биология
[a]
химия
[a]
тіл білімі
[a]
география
[kvop]
28
ФУТ 703-05-11. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
[vop]
[q] 3:1 Жалпылама қолданылатын сөздердің анықтамасын табыңыз
[a]
бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінетін сөздер
[a]
тілдегі тұтас сөздер жиынтығы
[a]
мағынасы қарама-қарсы сөздер
[a]
мағыналары жуық, жазылуы басқа-басқа сөздер
[a]
қолданыстан шығып қалған сөздер
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Әдебиет терминдері қатарын табыңыз
[a]
поэзия, кодекс, режиссер
[a]
пьеса, трапеция, реформа
[a]
сатира, роман, эпос
[a]
комедия, калория,
[a]
драма, опера, коллекция
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Қоғамдық-саяси терминдері қатарын табыңыз
[a]
активист, актер, ракета
[a]
партия, препарат, меридиан
[a]
демократия, реформа, партия
[a]
республика, либретто, циклон
[a]
кодекс, консерватория, климат
[kvop]
[gl] 6-
апта. Қазақстан және халықаралық ұйымдар. Кірме сөздер. [:]
[pr]
Кірме сөздер. Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер дейміз. Өз тарихында
қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, аралас-құралас болғаны мәлім. Соның
нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер енген.
Керісінше, басқа тілдерге де қазақ тілінен көптеген сөздер енген. Мысалы, араб және парсы
тілінен енген адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, емтихан т.б.
сөздер бар.
Моңғол тілінен ел билеуге байланысты ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық сөздері,
жер-су атауларына қатысты Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай т.б.
атаулар кірген.
Ал орыс тілінен қазақ тілінен жәшік, тәрелке, керуерт, бөтелке, бәтеңке, кәмпит,
сөмке т.б. сөздер енді.
Кейбір орыс тілінен енген термин сөздер өзгеріссіз қалпында қолданылады. Мысалы,
телефон, телеграф, автомобиль т.б.
Латын тілінен: лекция, республика, министр, операция.
Неміс тілінен: орден, штурм, рота, кран.
Француз тілінен: жюри, батальон, дуэль, гарнизон.
Ағылшын тілінен: бокс, вагон, вокзал, митинг.
Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды:
Самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым т.б.
«Жәрмеңке» неміс сөзі. Jahr – «жыл» және Markt – «сауда» деген сөз. Немістер
жылына бір рет арнайы жерде ұлы жиын сауда ұйымдастырып, оны JahrMarkt деп атаған.
Немістен бұл сөз поляк тілі арқылы орыс тіліне ауысқан да соңына тілдік ерекшеелікке
29
ФУТ 703-05-11. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
сәйкес -а жалғауы қосылып ярмарка түрінде қалыптасты. Орыс тілінен енген бұл сөз
тілімізге енгенде фонетика заңдылығына сай «жәрмеңке» болып өзгертілген.
[vop]
[q] 3:1
Кірме сөздер қатарын табыңыз
[a]
бәтеңке, тәрелке, тарақ
[a]
самауыр, бауырсақ, тау
[a]
кереует, жәшік, сөмке
[a]
шайнек, балапан, мәшине
[a]
алтын, көмір, алма
[kvop]
[vop]
[q] 3:1 Монғол тілінен енген жер-су аттары қатарын табыңыз
[a]
Тарбағатай, Нұра, Қостанай
[a]
Бұхара, Нұра, Баянауыл
[a]
Ферғана, Нура, Алтай
[a]
Еділ, Есіл, Жайық
[a]
Зайсан, Қордай, Алтай
[kvop]
[vop]
[q] 3:1 Орыс тілінен енген сөздер қатарын табыңыз
[a]
жәшік, бөтелке, бәтеңке
[a]
көлеңке, сіріңке, тәрелке
[a]
шәйнек, жай, сөмке
[a]
турба, құлып, кереует
[a]
сүлгі, кәмпть, тәтеңке
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Кірме сөздер қатарын табыңыз
[a]
емтихан, белбеу, қала
[a]
комбайн, клуб, жапырақ
[a]
намаз, абдыра, шариғат
[a]
автомобиль, комбайн, клуб
[a]
клуб, көше, таңқурай
[kvop]
[vop]
[q] 3:1 Араб-парсы тілінен енген сөздер қатарын табыңыз
[a]
мәдениет, әдебиет, тәрбие
[a]
мектеп, ұлыс, сіріңке
[a]
тәрбие, емле, емтихан
[a]
Баянауыл, ұшақ, білім
[a]
телефон, нөкер, ұжым
[kvop]
[gl] 7-
апта. Қазақстан- американ қатынастары. Фразеологизмдер. [:]
[pr]
Тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына
білдіретін сөз тіркестері.
30
ФУТ 703-05-11. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін
еркін тіркес. Мысалы, үлгілі бала дегеннің орнына үлгілі қыз деуге болады, дитант жазу
дегеннің орнына шығарма жазу, хат жазу, мазмұндама жазу десе де болады. Мұндай еркін
тіркестер
сөз тіркесі деп аталады. Еркін сөз тіркесінің беретін мағынасы сол тіркесті
құрайтын сөздердің мағыналарымен байланысты болады.
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті салыстырып көрейік.
Сөз тіркесі
Тұрақты тіркес
1. Таза дәптер, таза киім,
әдемі дәптер, әдемі киім
тайға таңба басқандай (анық),
біреудің ала жібін аттамау (ұрламау),
2. Әдепті оқушы, әдепті кісі,
баланың ісі, үлкеннің ісі
Жүрек жұтқан (батыр), қоян жүрек
(қорқақ), таяқ тастам (жақын), тіс жармау
(үндемеу).
Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке
мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, сыңарлары тұтасып барып, бір ғана мағынаны
білдіреді. Мысалы: тас бауыр деген тұрақты тіркестің мағынасы мейірімсіз болса, су жүрек
деген тіркестің мағынасы – қорқақ.
Тұрақты тіркесті құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады.
Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді.
Мысалы: тайға таңба басқандай дегенді жылқыға таңба басқандай деп бір сөзін
алмастырып айтуға болмайды.
Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады. Сондықтан көркем
әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Мысалы: ұзын құлақ – хабар (молва, весть, слухи), құлақ
салу – тыңдау (слушать), құлағым сізде – тыңдап тұрмын (слушаю Вас), он саусағынан өнер
тамған – шебер (мастер на все руки), қой аузынан шөп алмас – момын немесе жуас (тихий),
қас пен көздің арасында – жылдам, лезде, тез (мгновенно, быстро) т.б.
[vop]
[q] 3:1 Тұрақты тіркестердің анықтамасын көрсетіңіз
[a]
мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер
[a]
біріккен дыбыстардан айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер тобы
[a]
мағынасы бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталатын сөздер тобы
[a]
берілген жауаптардың бәрі дұрыс
[a]
екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері
[kvop]
[vop]
[q] 3:1 «
Тас бауыр» деген тұрақты тіркестің мағынасын табыңыз
[a]
ақылды
[a]
мейірімсіз
31
ФУТ 703-05-11. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
[a]
ақымақ
[a]
қорқақ
[a]
батыр
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Көзді ашып-жұмғанша тұрақты тіркесінің баламасын табыңыз
[a] лезде, сәтте, тез
[a]
мақсат, мүдде
[a]
мол, көп
[a]
қамығу, шаршау
[a]
әдейі, жорта
[kvop]
[vop]
[
q] 3:1 Фразеологизмдi табыңыз.
[a]
далаға шығу
[a]
тiсiн қайрау
[a]
қиын ойын
[a]
көмек көрсету
[a]
д.ж.ж.
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Сөз қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй
қария, күміс көмей әнші – жыршыларды айрықша көтермелеген. Мысалдан тұрақты тіркесті
табыңыз.
[a]
сөз қадірі
[a]
білген халқыны
[a]
ел ішінен шыққан
[a]
тума дария, күміс көмей
[a]
айрықша көтермелеген
[kvop]
[gl] 9-
апта. ҚР-ның Батыс Еуропаның жетекші елдерімен қатынастары.
Көнерген сөздер мен неологизмдер. [:]
[pr]
Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің
сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер.
Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге
бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер.
1.
Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың
жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан
шығып қалуымен байланысты (би, болыс, аға сұлтан, патша, уәзір, би, барымта, ақ берен,
айбалта, садақ, жебе, найза, отарба).
2. Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр
дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы:
барымта, сәукеле, кебеже, күпі, жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия,
патсайы, т.б.
32
ФУТ 703-05-11. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
Көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы
мүмкін. Мысалы: жасақ – жасақшы, төре – төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану
арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды.
Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен
құбылыстар бар. Мысалы: қол – әскер, қол басы – әскер басы, серіктік – бірлесу, қосын –
ұйым, желек – орамал т.б. Қазірде осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен
құбылыстардың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады.
Қоғамның дамуына сай тіліміз де дамып, жетіліп отырады. Әр қоғамда халықтың
санасына, түрліше жағдайына, рухани есуіне, экономика мен техниканың дамуына
байланысты жаңа сөздер пайда болады. Мұндай жаңа сөздерді неологизм деп атайды. Яғни,
сөздік қорға жаңадан енген сөздер неологизмдер деп аталады. Олар тілге алғаш енген кезінде
ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде
жаңа сөз болудан қалады. Космос, космонавт, спутник деген сөздер алғаш пайда болған
кезде жаңа сөздер болатын.
Осы тектес жаңа сөздердің қатарына: жолсерік, үнтаспа, саяжай, ермексаз, кеден,
сынып т.б.
Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, қолданылу аясы кеңеюіне байланысты
өсімдік, бау-бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді: қызанақ,
орамжапырақ, жасуша, дәрумен, ағза т.б.
[vop]
[q] 3:1
Архаизм сөзді тап:
[a] кебеже
[a] қала
[a] шаһар
[a] садақ
[a] бекзат
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Қайтадан жаңарған көнерген сөзді тап:
[a] пайда
[a] ораза
[a] еңбек
[a] жақсылық
[a] арман
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
неологизмдер дегеніміз не?
[a] қолданыстан шыққан сөздер
[a] қайтадан жаңарған сөздер
[a] сөздік қорға жаңадан енген сөздер
[a] қазір пайдаланылмайтын сөздер
[a]көнерген сөзде
[kvop]
[vop]
33
ФУТ 703-05-11. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
[q] 3:1
Қаржы саласына қатысты неологизм сөзді табыңыз:
[a] нарық
[a] кесене
[a] жеделхат
[a] саябақ
[a] байрақ
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Неологизмді табыңыз:
[a] әскер, жауынгер, сарбаз
[a] ғарыш, елорда, бейнетаспа
[a] телевизор, магнитофон, кассета
[a] оралман, көрермен, көреген
[a] заң, қаулы, жарғы
[kvop]
[gl] 10-
апта. ҚР- ның Шығыс Еуропа елдерімен қатынастары. Мақал-мәтелдер.
[:]
[pr]
Мақал-мәтелдер – халық даналығының, көргендігінің айнасы, тіл байлығының
алтын қазынасы. Халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі
секілді қымбат мұра. «Сөздің көркі – мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелді
айтылатын оймен орайластырып, орынды қолдансақ, сөзіміз мірдің оғындай өткір, көңілге
қонымды көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мағынаны
беретіндіктен, өте ұтымды болады, сөйлеген адамның шешендігін, ой ұшқырлығын,
тапқырлығын байқатады. Мақал мен мәтелдер халық санасында талай жылдар мен ғасырлар
бойында қалыптасып, тұрақталып қалған да, сөйлегенде дайын тілдік құбылыс ретінде
қолданылады. Бұл жағынан келгенде, яғни құрамындағы сөздердің тұрақты болуы, дайын
тілдік құбылыс ретінде қолданылуы және ойға әсерлі де әсем, көрікті де көркем мән үстеуі
жағынан, мақал-мәтелдер тұрақты тіркестерге жақын болып келеді.
Мақал – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.
Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.
Мысалы: Не ексең, соны орасың. (Что посеешь, то и пожнешь).
Мәтел – ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы. Қызым
саған айтам, келінім сен тыңда.
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы: мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар
айталады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
Мақалдарда – ой түйінді пікір, өсиет, ереже тәрізді көбіне ауыс, астарлы мәнде
тұжырымдалып айтылады.
Мысалы: Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
Еменнің иілгені – сынғаны.
Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме.
Мәтелдерде – негізгі айтылатын ой-пікір жанамалап, сілтеме, ишара түрінде беріледі.
Мысалы: Күш атасын танымас.
Нар тәуекел – ер ісі.
Ер есімі – ел есінде.
.
34
ФУТ 703-05-11. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
[vop]
[q] 3:1
Аз сөз-алтын, көп сөз-көмір мақал- мәтелінің мағынасы қайсысы:
[a] көп сөйле
[a] ән айт
[a] тез жүр
[a] қысқа, нақты сөйле
[a] ойланбай сөйле
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады деген мақалдың мағынасы:
[a] көп күлсең, арманың орындалады
[a] спортпен шұғылдан
[a] білім жина
[a] дүние жина
[a] бәрін ұмыт
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Төмендегі мақалдың тақырыбын табыңыз:
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса, кішіден сұра.
[a] батырлық, ерлік туралы
[a] достық туралы
[a] еңбек пен кәсіп туралы
[a]өнер білім туралы
[a] ынтымақ, бірлік туралы
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Мақал- мәтелден тұрақты сөз тіркесін табыңыз:
[a] Денсаулық- зор байлық
[a] Ештен кеш жақсы
[a] Сабыр түбі- сары алтын
[a] Оқу инемен құдық қазғандай
[a] Көп түкірсе, көл болады.
[kvop]
[vop]
[q] 3:1
Қайсысы мәтел?
[a] Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
[a] Талапты ерге -нұр жауар
[a] Таз ашуын тырнадан алар.
[a] Ер айтпас, айтса, қайтпас.
35
ФУТ 703-05-11. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
[a] Жалқаудың ертеңі бітпес.
[kvop]
[gl] 11-
Достарыңызбен бөлісу: |