"Тілді меңгерту онтогенезі" пәнінен дәріс тезистері 1-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезі: зерттеу обьектісі, зерттел тарихы


-дәріс. Сөйлеу онтогенезінің фонетика-фонематикалық аспектісінің дамуы



бет4/13
Дата12.05.2023
өлшемі74,93 Kb.
#92165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
4-дәріс. Сөйлеу онтогенезінің фонетика-фонематикалық аспектісінің дамуы

Балалардың дыбыстау мәдениетін берілген түсініктемелер әр еңбекте әртүрлі болғанымен, бірақ негізгі мағынасы бір. Мысалы, А. И. Максаков «Дыбыстау мәдениеті – балалардың дыбыстарды дұрыс айтуы, сөздерді анық және түсінікті жеткізуі, тілдік құралдарды дұрыс пайдалану (сөйлемде дыбыс пен қарқынды өзгерте білуі, ым-ишараны қолдана білуі), сондықтан оларда бірінші кезекте есту қабілетін дамыту болып табылады» десе, В. В. Гербова мынадай түсініктеме береді: «Дыбыстау мәдениеті – айтылып жатқан сөйлемнің дыбыстық сапасын, дыбыстау элементтерін (интонация, қарқынын) жеткізу құралдарының қимыл іс-әрекетін (ым-ишара, көзқарас) және сөйлеу мәдениетінің элементтерін қарастырады» деп түсіндіреді [26, 30]. Д.Б. Эльконин, Ф.И. Фрадкина, Н.Х. Швачкин т.б. ғалымдардың пікірінше бала алдымен сөздер мен фразалардың ырғақты-әуенді құрылысын қабылдайды. Сөздің фонематикалық құрылысы балаға бірден байқалмайды. Сөздегі дыбыстық өзгерістер оған белгісіз. Зерттеушілер «4-5 айында бала сөздің айтылу әуенін, 6-12 ай аралығында ырғағын, бір жастан соң ғана дыбыстық құрамын» байқайды деп тұжырым жасаған[37,72,73]. Тілдің дыбыстық мәдениеті туралы О.И. Соловьева, А.М. Бородич, А.И. Максаков пен М. Ф. Фомичевалардың еңбектерінде кеңінен айтылған [26,74,75,]. Ғалым С.Н. Карпова сәбилік шақта баланың бағдарлау-зерттеу белсенділігі тілдің дыбыстық жағында болса, балабақшаның ортаңғы және жоғарғы топтарында сөздердің мағыналық жағына ауады деп белгілеген [77]. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында көз жеткізген жағдай мынадай: А.Н. Гвоздев, М.Е. Хватцев, Е.И. Радина, М.М. Алексеева сияқты ғалымдардың бұл мәселені дыбыстық мәдениетке тәрбиелеу әдістемесінде кеңінен қарастырған[1,25,78,79]. Дыбысты нақты айту үшін тыныс мүшелерінің дұрыс жағдайы мен қозғалысы (артикуляциясы) қажет. Кейбір балалар дыбыстарды айтуды қалыпты меңгеріп, жасқа қарай орын алатын физиологиялық тіл бұзылыстарын жеңетін болса да, дыбыстарды анық айту мен дикцияны дамытып отыру қажет. Сондықтан дыбысты айту және дикцияны дамытатын сабақтарды балабақшада логопедиялық жұмыс ретінде қарастыруға болмайды. Оны сөйлеу тілі бұзылысы бар балалармен ғана емес, барлық тәрбиеленушілермен өткізу керек.


Тіл мен сөйлеу жайындағы ғалымдардың пікіріне келетін болсақ, ерекше концепция – Ф. де Соссюрдің тұжырымдамасы. Ғалымның пікірінше, тіл дыбыстың өзі, яғни дыбыстау әрекетінің құрамдас бөлігі. Егер тіл барлық дыбыстық таңбалардың жиынтығы болса, сөйлеу дыбысталудың жиынтығы. Зерттеуші тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсынына 24 тән айырмашылықтарды анықтап, нақтылап көрсетеді [80]. Ерте жастағы баланың сөйлеу тілінің дамуы, қалыптасуы және оның ерекшеліктері туралы ақпарат пен деректер тіл мамандары ғана емес, сондай-ақ психологтар, педагогтар мен логопедтер және өзге де мамандық иелеріне өте қажет және пайдалы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет