"Тілді меңгерту онтогенезі" пәнінен дәріс тезистері 1-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезі: зерттеу обьектісі, зерттел тарихы


-дәріс. Тіл үйрету онтогенезінің адамзаттың тілдік қатынасында алатын орны мен маңызы



бет9/13
Дата12.05.2023
өлшемі74,93 Kb.
#92165
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
9-дәріс. Тіл үйрету онтогенезінің адамзаттың тілдік қатынасында алатын орны мен маңызы

Кез-келген тілді меңгертудің (үйретудің) психолингвистикалық негіздері, ең алдымен, сөйлесім әрекеті теориясы тұрғысынан қарастырылады:



  • сөз тудыру (речь) заңдылықтары мен ерекшеліктері,

  • сөзді құрастыру (байланыстыру) мен іске асыру жолдары (формалары),

  • тілдік және сөйлеу материалын таңдап іріктеу мәселелері,

  • оны әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыру,

  • оқыту бірлігін, оқыту ұстанымдарының ерекшеліктері және т.б.

Тілді меңгертудің психолингвистикалық ерекшеліктерін ашуда отандық және шетелодің ғалымдардың еңбектері мен тұжырымдарына сүйенеміз. Тіл үйретудің ерекшелігі И. М. Берман, И. Л. Бим, М. А. Давыдова, И. А. Зимняя, Г. А. Китайгородская, А. А. Леонтьев, М. В. Ляховицкий, Б. В. Беляев, В. А. Артемов, Б. А Бенедиктов, Ф.Оразбаева, Т.Аяпова, Қ.Қадашева, А. Алхазишвили жэне т.б. педагогтар мен психологтардың жұмыстарына табан тірейміз.
Адамның сөйлеуі - шырылдау, ысқыру, ырылдау, ым-ишара, ызылдау т.б. жануарлар әлемінде кездесетін дыбыстарға ұқсас қарым-қатынас құралдарының бір кішкене бөлшегі десек болады. Бірақ жануарлар мен жәндіктердің әр сигналы белгілі бір мағынаға ие, бірақ олардың (сигналдардың) құрылымы болмайды. Жануарларды адамның сөйлеу тіліне үйрету үшін қанша тырысқанмен де, олар 2 жасар баланың деңгейінде болған.
Сөйлесім әрекеті қарым-қатынас жағдаятына байланысты қатысымдық міндеттерді шешуге бағытталған біліктіліктер жүйесін қамтиды. Сөйлесім әрекеті – белсенді, мақсатты түрде, қарым-қатынас жағдаятына негізделген хабарды беру және қабылдау, шығармашылық (продукциялық) және рецепция (қабылдау) үдерісі. Ол тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім секілді негізгі сөйлесім әрекетінің түрлерінде іске асады.
Сөйлесім әрекетінің түрлерін оқытудың нәтижесі: айта алу, тыңдай алу, оқи алу және жаза алу сөйлеу біліктіліктері болып табылады. Сөйлеу біліктіліктері дегеніміз – қарым-қатынас үдерісінде сөйлесім әрекетін орындай алу қабілеті. Кез-келген адам тілді меңгере алады, бірақ тілді меңгеру деңгейі (сөздік қордың көлемі, грамматикалық құралдарды меңгеру деңгейі, стильдік регистрларды және т.б. меңгеру) әр түрлі болады. Сондықтан да оқушылардың сөйлесім әрекеті ретіндегі сөйлесім біліктіліктері олардың түрлі деңгейдегі жетістігі деуге болады.
Сөйлесім әрекеттерінің түрлерін меңгеруге қойылатын талаптарды дұрыс білу, оны өз тәжірибесінде орынды қолдану мәселелері мұғалімнің оқыту жүйесінің барлық элементтерін: оқыту мақсатын, білім мазмұнын, оқу әдістерін, оқытудың формаларын жетілдіре отырып, баланың әлеуметтік дағдыларын дамыту мүмкін болады.
Өзге тілді оқушыға қазақ тілін сапалы оқыту бірқатар әдістемелік мәселелерді оңтайлы шешуге байланысты.
Біріншіден, сөйлесім әрекеті қарым-қатынас жағдаятына байланысты коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталады. Қарым-қатынас жүзеге асырылуы үшін кем дегенде екі адамның: ақпарат беруші (хабарлаушы) мен қабылдаушының (хабарлама бағытталған адам) қатысуы қажет.
Екіншіден, сөйлесім әрекетінің бес түрі бар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім. Тыңдалым мен айтылым – қарым-қатынастың ауызша түріне қызмет етсе, оқылым мен жазылым – жазбаша тілдесімге қызмет етеді. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас ақпаратты жеткізу түрімен (тыңдау және көру) ғана емес, шығу төркінімен де ерекшеленеді: ауызша сөйлесімнің түрі жазбаша сөйлесімге қарағанда алғашқы, базалық болып табылады. Бұл сөйлеу түрінің екеуінің де өзіндік құрылымы және қарым-қатынас құралдарының ерекшелігі бар.
Үшіншіден, оқылым мен жазылым сауаттылықтың негізгі базалық біліктілігі болып табылады. А.Байтұрсынов "сауаттылықтың негізі жазуда" дейді. Оқылым мен жазылым тек академиялық мақсаттармен шектеліп қалмай, күнделікті өмірмен және әрекеттермен байланысты функционалдық мақсаттарды да шешуге атсалысуы тиіс. Сондықтан оқыту үдерісінде қазақ тілінде сауатты оқу, жазу, сөйлеуді ғана қарастырмай, күнделікті өмірде кездесетін проблемаларды шешуде қазақ тілінде қарым-қатынасқа түсу біліктілігін дамыту да аса маңызды.
Төртіншіден, тіл үйрету сабақтарының ерекшелігі - оқу үдерісінің жағдайын барынша шынайы қарым-қатынас жағдайына жақындату: айтылым тыңдаушыға бағытталады, тыңдалымның айтылымсыз іске асуы мүлдем мүмкін емес, ал жазба тіл оқырманға арналады. Тапсырмаларда бейнеленетін жағдаяттар өзекті әрі оқушылардың бүгінгі өмір жағдайына етене жақын болуы тиіс. Сонда ғана олар оқушылардың қызығушылығын тудырып, шешімін табуға ынталандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет