"Тілді меңгерту онтогенезі" пәнінен дәріс тезистері 1-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезі: зерттеу обьектісі, зерттел тарихы


-дәріс. Байланыстырып сөйлеу онтогенезінің дамуы



бет8/13
Дата12.05.2023
өлшемі74,93 Kb.
#92165
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
8-дәріс. Байланыстырып сөйлеу онтогенезінің дамуы
Сөйлеу тілінде бірнеше маңызды компоненттер бар екені белгілі, олар дыбыстық құрам, сөздік қоры және грамматикалық құрылым. Сөйлеудің екі түрі бар: ауызша және жазбаша. Ауызша сөйлеу тілін екі түрге ажыратуға болады: экспрессивті және импрессивті.
Біздің байланыстырып сөйлеуіміз бейнелі, логикалық, егжей-тегжейлі, грамматикалық тұрғыдан дұрыс және дәйекті түрде жүзеге асырылады. Байланыстырып сөйлеудің негізгі қызметі – қарым-қатынас құрып, ой білдіру. Монолог пен диалог – келісілген сөйлеу тілінің екі негізгі формасы. Байланыстырып сөйлеуді анықтау барысында келесідей әдістерді қолданып, түрлі тілдік жағдаяттарды аңғаруға болады. Қысқа мәтіндердің мазмұнын қайталап айтқызу, сюжетті суреттермен жұмыс, түрлі тілдік жаттығулар және дидактикалық ойындар ойнату, үстел үсті ойындарын ойнату кезінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін өзара салыстыру, сөздердің мағыналарын түсіндіру мен талдау тілдік жұмыстар кезінде байқалады.
Сөйлеу тілінің байланысын анықтауда Э.П. Короткова, Л.П. Федоренко, Г.А. Фомичева, В.К. Лотарев, А.П. Николаичевалар тілден тыс ұстанымдарды еске салады, олар:
1. Балалардың сенсорлық, ақыл-ойы және тілдік дамуында өзара тығыз байланыстың болуы.
2. Бала тілін дамытуға коммуникативтік әрекеттестік тұрғысынан келу.
3. Тілдік әрекетке түсу себептерін ұлғайту.
4. Тілді сезінуге үйрету.
5.Тілдік құбылыстарды түрде саналы қабылдауға машықтандыру.
Бірінші ұстаным бойынша тілді дамыту жұмыстары баланың сенсорлық қабілеттері мен зиятының жетілуімен біріге қарастырылады. Бұл баланы ойландыру әрекетін тудыруды көздейді.
Екінші ұстаным сөйлеуді әрекет ретінде түсіндіруге негізделген. Баланың ана тілінің қалпын байқататындай әртүрлі әрекет тәжірибе жүзінде дамуы міндетті, яғни тілдік материал мен барлық нұсқаулар әр баланы сөйлетуге ынталандырып, қатысымдық дағдыларға ықпал етуі керек.
Үшінші ұстаным бойынша сөйлеуге мәжбүрлейтін себептер болмай, сөйлесім сапалы болмайды. Күнделікті қарым-қатынас барысындағы уәждену баланың ой-пікір білдіруі кезінде, белсенді әрекеттері үстінде, оны әлдекім бауырына тартып, қолдағанда, сөйлеуге деген табиғи қажеттілігі барысында анықталады. «Тілді сезіну» ұстанымына ғалымдар тіл заңдылықтарын білмей-ақ болатын қабылдауды жатқызады. Бірнеше рет қайталау арқылы және оларды өз сөздерінде жиі қолдану бала санасында «осылай сөйлеу керек» деген ұғымды қалыптастырады да, бала тілді автоматты түрде жаттайды. Ал тиісті заңдылықтырды бала кейін өсе келе ұғынады, үйренген формаларды жаңа сөздеріне салып, біртіндеп қолдана бастайды. Бала тілін зерттеушілер тілдік құбылыстар баланың өз бетінше саналы түрде қоршаған ортасын тануы арқылы жүзеге асуы керек дегенге келтіреді. Тіл дамыту дегеніміз – ой дамыту, баланың танымдық әрекеті арқылы сөйлеу тілі белсенділігі оның бүкіл болмысынан білініп тұрады. «Балалардың сөйлеу тілі мен ой-санасын қоршаған орта туралы көзқарастар мен түсініктер, мазмұнды ой байлығын толтыру арқылы жетілуі керек» деген Л.С.Выготский.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет